ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН КОДЕКСІ

06 Қаңтар, 20121133511




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН КОДЕКСІ

  (соңғы өзгерістер мен толықтырулар   05.07.11  ж. жағдайы бойынша енгізілген)
 
 
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы; 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
 
      1-бөлім. Жалпы ережелер                                           (1-10 баптар)
1-тарау. Негізгі ережелер                                               (1-4 баптар)
2-тарау. Орман құқығы қатынастарының объектілері                        (5-10 баптар)
         мен субъектілері
      2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды         (11-21 баптар)
         молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік
         басқару және бақылау
3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,                         (11-18 баптар)
         ормандарды молықтыру мен орман
         өсіру саласындағы мемлекеттік басқару
4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды              (19-21 баптар)
         молықтыру мен орман өсіру саласындағы
         мемлекеттік бақылау
      3-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы                   (22-42 баптар)
5-тарау. Орман иелену құқығы                                            (22-28 баптар)
6-тарау. Орман пайдалану құқығы                                         (29-42 баптар)
      4-бөлім. Орман шаруашылығын ұйымдастыру                             (43-54 баптар)
7-тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негіздері                       (43-54 баптар)
      5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының                           (55-61 баптар)
         мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман
         кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
8-тарау. Орман орналастыру                                              (55-58 баптар)
9-тарау. Орман қорының мемлекеттік есебі,                               (59-61 баптар)
         мемлекеттік орман кадастры және
         мемлекеттік орман мониторингі
      6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен                   (62-87 баптар)
         орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы
10-тарау. Орман қорын күзету мен қорғау                                 (62-68 баптар)
11-тарау. Қазақстан Республикасының                                     (69-70 баптар)
          мемлекеттік орман күзеті
12-тарау. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру                          (71-75 баптар)
13-тарау. Орман тұқым шаруашылығы                                       (76-80 баптар)
14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін                            (81-87 баптар)
          күзету, қорғау, пайдалану, жердің кейбір
          санаттарында ормандарды молықтыру
          мен орман өсіру ерекшеліктері
      7-бөлім.  Орман қорын пайдалану                                     (88-103 баптар)
15-тарау. Орман пайдалану түрлері және орман                            (88-89 баптар)
          пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау
16-тарау. Орман пайдалануды жүзеге асыру                                (90-103 баптар)
      8-бөлім.  Орман қорын күзетудің, қорғаудың,                         (104-112 баптар)
          пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен
          орман өсірудің экономикалық тетігі
17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың,               (104-108 баптар)
          ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық
          принциптері мен әдістері. Мемлекеттік орман қорын
          пайдалану төлемақысы
18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру                               (109-112 баптар)
      9-бөлім.  Қазақстан Республикасының орман                           (113-118 баптар)
          заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
19-тарау. Қазақстан Республикасының орман                               (113-116 баптар)
          заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
20-тарау. Қорытынды ережелер                                            (117-118 баптар)
 
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары
1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Өсiмдiктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су объектілерін, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бірi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңдарының принциптерi
Қазақстан Республикасының орман заңдары:
1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттік мәнiн мойындау;
2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) ормандардың, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;
4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;
6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;
7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;
8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;
9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;
10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;
11) халықтың және қоғамдық бірлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агроорман-мелиорациялық екпе - ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;
2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаты - артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және олардың тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында артықшылығы бар ағаштардың өсiмтал тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;
3) биологиялық әралуандық - белгiлi бір аумаққа тән өсiмдiктер мен жануарлар организмдерiнiң жиынтығы;
4) биоқауымдастық - белгiлi бір, салыстырмалы түрде біртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң жиынтығы;
5) орман аурулары - қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан немесе ауру өсiмдiктерден сау өсiмдiктерге берiлетiн организмдерден туындайтын және өсiмдiктер құрылысының өзгеруiне немесе олардың құрып кетуiне әкеп соқтыратын патологиялық процестер;
6) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - ағаштың (дiндердiң және бұтақтардың) кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын табиғи құлап, үзiлiп түсуi;
7) орманды қайта жаңғырту - сүрекдiңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесiлген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерiнiң пайда болуының табиғи процесi;
8) кесу жасы - сүрекдiңдердiң толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;
9) орманды молықтыру - орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөніндегі шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алқаптарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу;
10) орман зиянкестерi - орман екпелерiн зақымдайтын организмдер;
11) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) - ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршiктерi;
12) ағашы кесiлген жер - екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
13) өртең - екпе ағашын өрт жойып жiберген, ал жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
14) гендiк қор - дарақтардың бір тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бір кездесу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;
15) географиялық дақылдар - жаңа жағдайда сынақтан өткізу мақсатымен бірнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым сипатты популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
16) қала ормандары және орманды саябақтар - қалалық елдi мекен шекарасы шегiнде орналасқан және мемлекеттік орман қорының құрамына кiретiн сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы ормандар;
17) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы - қызметi орман ресурстарын есепке алуды, орман қорын аумақтық орналастыруды, мемлекеттік орман мониторингiн, орман шаруашылығын жүргiзу iсiн жоспарлауды және орман пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталатын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қарауында болатын ұйым;
18) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесi - мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;
19) сүрекдiңдер - орман екпелерiнiң негiзгi бөлiгi болып табылатын ағаштар жиынтығы;
20) шайыр - қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат;
21) орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан, антропогендiк және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөніндегі, жер үстiнде және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы;
22) орман қорын түгендеу - орман қорының жекелеген учаскелерiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн сипаттау, картаға түсiру және анықтау жөніндегі жұмыстар кешенi;
23) мемлекеттік орман қорының санаты - мемлекеттік орман қорының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлiнген, ерекше қорғалатын, су сақтау, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдаланудың ерекше режимi белгiленген бір бөлiгi;
24) орман - ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және жанды табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;
25) орманды өңiр - қайсыбір аумақта орман өсуiнiң жердiң жалпы алаңына орман өскен жердiң қатысы арқылы анықталып, процентпен белгiленетiн дәрежесi;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
26) орманшылық - орман иеленушінің өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемiн есептеуге арналған құрылымдық бөлiмшесi;
27) орман тұқым шаруашылығы - тұқым қуалаушылық қасиеттерi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегiне бақылау жасау жөніндегі iс-шаралар кешенi;
28) орман шаруашылығы - орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі iс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын экономика саласы;
29) орман шеберiнiң учаскесi - орманшылық аумағының құрамында екi және одан да көп орман қарау аймағы бар бір орман шеберiне бекітілген және орман шаруашылығы iс-шараларын орындауға арналған бір бөлiгi;
30) орман қарау аймағы - орманшылық аумағын күзету үшiн бір орманшыға бекітілiп берiлетiн, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен айқындалатын бір бөлiгi;
31) орман питомнигi - орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi;
32) орманның гендiк резерваты - өсiмдiктер түрi, түр тармағы популяцияларының гендiк-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;
33) орман ағаштары - орманның сүрiктi ағаш және бұта тұқымдастарынан қолдан отырғызылған екпелер;
34) орман иеленушiлер - мемлекеттік орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
35) орман иелену - орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттік орман иеленушiлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі беретiн мемлекеттік орман қоры учаскелерiн иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы;
36) орман пайдалану - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөніндегі заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
37) орман пайдаланушы - осы Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
38) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
39) орман өсiру - бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерiн қолдан отырғызу және өсiру;
40) орман шаруашылығы iс-шаралары - орман орналастыру материалдары негiзiнде жүргiзiлетiн орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөніндегі кешендi ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар;
41) кемiстiгi бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бір жағдайында өнiмдiлiгi төмен және сапасы нашар екпе;
42) кесiлмеген ағаш - кесуге арналған, бірақ ағаш кесу билетiнде көзделген мерзiмде кесiлмеген орман ағаштары немесе учаскелерi;
43) орманның жинақталмаған ағаштары - жасанды жолмен өсiрiлген (себiлген немесе отырғызылған), бірақ орманды алқаптарға көшiрiлмеген ағаштар;
44) қалыпты екпе - өнiмдiлiгi жоғары және орташа, орман өсiрудiң белгiлi бір жағдайында сапасы жақсы және орташа екпе;
45) ормандану - ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсiрiп шығару немесе орманның табиғи түрде өсiп шығуы;
46) аса бағалы орман алаптары - тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бірегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бірегей орман; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функцияларын орындайтын орман;
47) орманның аса қауiптi зиянкестерi - жаппай көбейiп, таралатын, сөйтiп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегiнен асып кететiн залал келтiретiн зиянкес организмдер;
48) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш алқабында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөніндегі iс-шаралар;
49) ормандарды күзету - орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі iс-шаралар жиынтығы;
50) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер - өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
51) артықшылығы бар ағаш - өзiмен бір жастағы және бірдей фенологиялық нысандағы, дәл сондай орман өсiру жағдайында өзiмен қатар айналасында өсiп тұрған ағаштардан бір немесе бірнеше шаруашылық-құндылық белгiлерi және қасиеттерi жағынан айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
52) артықшылығы бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бір жағдайында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;
53) өскiн - орман арасындағы немесе ағашы кесiлген жерде қалған, көтерiлiп өсуге немесе аналық сүрекдiңдердi алмастыруға жарамды сүрек ағаштардың жас түптерi;
54) сөл алу - ағаштардың дiңдерiнен шайыр, шырын алу үшiн оларды көктеп-өсу кезеңiнде қолдан зақымдау;
55) ормандағы өрт қаупi мол маусым - климат және ауа райы факторларын негiзге алып орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган, облыстық атқарушы орган айқындайтын, орман өртi шығу қаупi болуы мүмкiн күнтiзбелiк жылдың бір бөлiгi;
56) орман қорын пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жердi, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы;
57) тұрақты орман тұқым базасы - тұқым қуалаушылық қасиетi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшiн Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қорында аумағы жағынан бөлiнген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер жиынтығы; 58) алаңқай жерлер - ағашы жоқ, бірақ орман өсiмдiктерiнiң қалдықтары сақталған орман алаңы;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 57-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 57-1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
57-1) орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
59) орман соқпағы - орман шаршыларының шекараларын белгiлеу немесе өзге мақсаттар үшiн ағаш және бұта өсiмдiктерiнен тазартылып жасалған белдеу;
60) тексеру кезеңi - орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзiрленетiн мерзiм;
61) селдiреу - жуандығы 0,1 - 0,2 мөлшеріндегі жасы бірiншi және екiншi сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, өзi өсiп шыққан сүрекдiңдер;
62) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;
63) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпе ағаштарын, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да қасиеттерiнен айырылған екпе ағаштарды қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
64) орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу - жоғары өнiмдi және төзiмдi екпелердi қалыптастыру мақсатында екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды жою жолымен жүзеге асырылатын орманды мерзiмдiк күтiп-баптау;
65) санитарлық мақсатта ағаш кесу - орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн ағаш кесу (iшiнара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесiледi;
66) орманның санитарлық жай-күйi - қоқыстану, солып қалған және қураған ағаштар туралы мәлiметтердi, зиянкестер санының және орман ауруларының таралу жылдамдығын, орманның жағдайына керi әсер ететiн басқа да жағымсыз факторларды қамтитын жай-күйiнiң сипаттамасы;
67) ағаш және бұта тұқымдарының селекциясы (орман селекциясы) табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе орман тұқымдарының шаруашылық және өзге де құндылығы бар түрлерi мен сорттарын қолдан өсiру жөніндегі iс-шаралар кешенi;
68) орманды (кеспеағашты) мөлшерлеу - орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөніндегі iс-шаралар;
69) мемлекеттік орман қоры алқабы - орман орналастыру кезiнде орман қорын мемлекеттік есепке алу, арнайы картаға түсiру мен орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттік орман қоры құрамында бөлiнетiн жер учаскелерi;
70) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi
уәкiлеттi орган) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында басқару мен бақылау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
71) усадьба - ағаш өспеген алқаптарға жататын, орман шаруашылығын жүргiзумен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiмен байланысты тұрғын үйге арналған және кiсi тұрмайтын қора-жайлар орналасқан жер учаскелерiн бiлдiретiн мемлекеттік орман қоры алқаптарының түрi;
72) зияндылықтың экономикалық шегi - орман зиянкестерiнiң орман ресурстарына келтiрген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн тығыздығы.
2-тарау. Орман құқығы қатынастарының объектілері мен субъектілері
 
5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi
1. Орман қоры жерлерiн, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектiсi болып табылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен ақылы жағдайда ормандардың көп функциялы маңызы ескерiле отырып пайдаланылады.
6-бап. Қазақстан Республикасының орман қоры
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi орман қоры) құрайды.
2. Орман қоры мемлекеттік және жекеше орман қорларынан тұрады.
3. Мемлекеттік орман қорына:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;
2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулеріндегі енi он метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған, енi он метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қолдан өсiрiлген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебінен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер жатады.
5. Орман қорына:
1) мемлекеттік орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;
2) қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегіндегі жасыл желектер;
3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар кiрмейдi.
7-бап. Орман қорына меншiк құқығы
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншiк объектілеріне жатады және республикалық меншiкте болады.
2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.
8-бап. Орман қорының жерлерi
1. Орман қорының жерлерi мемлекеттік және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.
2. Мемлекеттік орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Жекеше орман қорының жерiне Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебінен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер өсiрiлген жерлер жатады.
4. Мемлекеттік орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.
5. Мемлекеттік орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртібі осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Жер және Азаматтық кодекстерімен айқындалады.
9-бап. Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттерi
1. Орман ресурстары сүрек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынан, жабайы өсетiн жемiстерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндiрiлетiн өзге де өсiмдiк пен мал өнiмдерi қорынан тұрады.
2. Орманның өсiп тұрған кезiнде өзiне тән экологиялық және әлеуметтiк мәнi бар функциялары (оттегiн бөлiп шығару, көмiр қышқыл газын бойына сiңiру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды iшкi қабатына тарту, бальнеологиялық және климат реттеушiлiк қасиеттерi) оның пайдалы қасиеттерiне жатады.
10-бап. Орман құқығы қатынастарының субъектiлерi
Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыруды, орман өсiру мен (немесе) орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар орман құқығы қатынастарының субъектiлерi болып табылады.
2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау
 
3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару
 
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам және мемлекеттік органдар жүйесi
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға және мемлекеттік органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, сондай-ақ Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өз құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жатады.
 
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік орман саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттік орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
3) осы Кодекстiң 22-бабының 2-тармағында аталған мемлекеттік заңды тұлғаларға орман пайдалану құқығымен мемлекеттік жер қоры учаскелерiн бередi;
4) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөніндегі бағдарламаларды бекiтедi;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлудi бекiтедi;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүрiктi түбірiмен босату және ағаш кесу ережелерiн бекiтедi;
7) өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу тәртібін айқындайды;
8) орман қорының мемлекеттік есебiн, мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман мониторингiн жүргiзу, орман орналастыру тәртібін айқындайды;
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысын есептеу тәртібі мен оны бюджетке енгізу мерзiмiн айқындайды;
10) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген өсiмдiктердi жинау көлемiн бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзу арқылы келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеудiң базалық ставкаларын бекiтедi;
12) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі нормалар мен нормативтердi бекiтедi;
13) ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды.
14) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
16) мемлекеттік орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын бекiтедi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
18) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
 
2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
1. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген құзыретi шегiнде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
2) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiнде бағдарламалар әзiрлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, ғылыми, тәжiрибелiк-өндiрiстiк және оқу мақсатында пайдаланылатын, өзiнiң функционалдық қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды реттейдi;
4) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) есептi кеспеағашты және кесу жасын бекiтедi;
7) облыстық атқарушы органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөніндегі тендерлердiң материалдарын және шарттардың талаптарын келiседi;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) орман қорының бірыңғай мемлекеттік есебiн, бірыңғай мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың бірыңғай мемлекеттік мониторингi мен орман орналастыруды жүргiзедi;
9) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қатынастары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) ұйымдар және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану мәселелерi жөніндегі есептерiн қарайды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
13) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;
14) облыстық атқарушы орган өкiлiнiң қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
15) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
16) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 1-тармақ 17) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17) орман пайдаланғаны үшін төлемдер ставкаларын есептеуге (түбірімен босатылатын сүрекке, өзге де орман пайдалануға) арналған әдістемелік нұсқауды бекітеді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi органның аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар):
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi бойынша бағдарламалар әзiрлеуге және оны орындауға қатысады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, уәкiлеттi органның қарауындағы ғылыми, тәжiрибелiк-өндiрiстiк және оқу мақсатында пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды реттейдi;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
4) орман қорының мемлекеттік есебiн, мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман мониторингiн жүргiзедi, орман орналастыру мен орман шаруашылығының жоспарлануын қамтамасыз етедi;
5) ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану мәселелерi жөніндегі есептерiн қарайды;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 6) тармақша толықтырылды
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi және тоқтатады;
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз құзыреттерi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
2) аумақтық органдармен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жасаған есептеулер негiзiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекiтедi;
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдардың өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандардың молықтырылуы, орман өсiру және орман пайдалану мәселелерi жөніндегі есептерiн қарайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) уәкiлеттi органмен келiсе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеп, оларды iске асырады;
2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
3) мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеп, iске асырады;
4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндiру бірлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
6) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасайды;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 7) тармақша толықтырылды
7) шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
10) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
11) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 12) тармақша толықтырылды
12) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебi, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
13) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;
14) уәкiлеттi органның және облыстық өкiлдi органдардың қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi.
15) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
16-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
17-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 18-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
18-бап. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы негізгі қызметі
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - орман мекемесi):
1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру бағдарламаларын әзiрлеуге және оларды орындауға қатысады;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтiп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау жөніндегі iс-шараларды орындайды;
3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемiн айқындайды;
4) орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi;
5) орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
6) орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi;
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды;
8) орман қорының мемлекеттік есебiн, мемлекеттік орман мониторингiн жүргiзедi, мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу жөніндегі жұмыстарға қатысады;
9) Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңдарына сәйкес, аяқталған объектiлер мен орман пайдаланушылардың орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуi нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдi қабылдауды жүзеге асырады;
10) 2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11) 2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау
 
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттік бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртібін, орман шаруашылығын жүргiзу, оның iшiнде ормандарды күзету, қорғау мен молықтыру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.
2. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
 
20-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдары
1. Уәкiлеттi органның басшысы лауазымы бойынша бір мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас орман инспекторы болып табылады.
2. Уәкiлеттi орган басшысының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады.
3. Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бір мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аға орман инспекторлары болып табылады.
4. Уәкiлеттi органның ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бір мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман инспекторлары болып табылады.
5. Аумақтық органдардың басшылары лауазымы бойынша бір мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттік бас орман инспекторлары болып табылады.
6. Аумақтық органдар басшыларының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттік бас орман инспекторларының орынбасарлары болып табылады.
7. Аумақтық органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бір мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттік аға орман инспекторлары болып табылады.
8. Аумақтық органдардың ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бір мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттік орман инспекторлары болып табылады.
21-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөніндегі жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi, сондай-ақ орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жазбаша нұсқау беру;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруге бақылау жүргізу үшін белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігін көрсете отырып, ұйымдарға бару;
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы Кодекстің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) мынадай:
осы Кодекс және Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қаулылары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулыларды шығару;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды
3-3) тексеру нәтижелері туралы акт жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұза отырып мемлекеттік орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қою;
6) тиiстi мемлекеттік органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгізу, ал қажет болған жағдайларда құқық қорғау органдарына оларды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалдар беру құқығы берiледi.
2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдары:
1) орман шаруашылығы iс-шараларының орындалу сапасын және олардың мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiн;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) орман қорының сандық және сапалық өзгерістерін, орманның санитарлық жай-күйін, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын;
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шарттардың сақталуын және орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін;
3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөніндегі, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттік орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануын;
4) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң су басудан, қоқыстанудан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерiнiң басқа да түрлерiнен қурап-солып қалуының алдын алу жөніндегі шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн;
5) сүректi түбірiмен босату және ағаш кесу ережелерiнiң, орман пайдаланудың өзге де ережелерiнiң сақталуын;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) кеспеағаш аймағын бөліп беру бойынша жұмыстарды тексеруді;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы режимдердiң сақталуын;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарын аудандастыру ережелерiнiң сақталуын, орман тұқымдарын дайындауды, сақтауды, өңдеудi және олардың сапасын, питомник шаруашылығын жүргiзудi;
8) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң сақталуын;
9) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінiң сақталуын;
10) Қазақстан Республикасының орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының өзге де талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киіммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
Нысанды киім (погонсыз) киiп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
 
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
 
3-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы
 
5-тарау. Орман иелену құқығы
22-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн орман иелену құқығымен беру
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.
2. Мемлекеттік орман қорының учаскелерi орман иелену құқығымен:
1) мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттік орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттік ұйымдарына;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн мемлекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттік табиғи резерваттарға, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтарға, мемлекеттік ботаникалық бақтарға, мемлекеттік дендрологиялық саябақтарға (бұдан әрi - заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) берiледi.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған, мемлекеттік орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттік заңды тұлғалар мемлекеттік орман иеленушiлер болып табылады.
4. Орман иелену құқығы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган беретiн тұрақты жер пайдалану құқығы актiсiмен куәландырылады.
23-бап. Жекеше орман иелену құқығының туындауы
Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларға Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес жеке меншiгiне немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерiнде туындайды.
24-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлердiң құқықтары
Мемлекеттік орман иеленушiлердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалану;
2) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi қоспағанда, осы Кодексте белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
3) аумақтық органдармен келiсе отырып жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
4) өздерi дайындаған өнiмдi өткізу және алынған табыстарды пайдалану;
5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн беру құқығы бар.
25-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары
Жекеше орман иеленушiлердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету;
2) өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
3) жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиiстi мемлекеттік органдармен келісім бойынша жеке орман қоры учаскелерiнде құрылыстар мен ғимараттар, оның iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
4) өздерi дайындаған өнiмдi және оны өткізуден түскен табысты меншiктену құқығы бар.
26-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлердiң мiндеттерi
Мемлекеттік орман иеленушiлер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ормандардың молықтырылуын, күзетiлуiн, қорғалуын, санитарлық жай-күйiн жақсартуды және күтiп-бапталуын, олардың өнiмдiлiгiнiң, қорғаныштық және өзге де пайдалы қасиеттерiнiң артуын, орманның көп мақсатқа ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыруды, орман орналастыруды, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң есебiн жүргiзудi, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорлары объектілерінiң, мәдени және табиғи мұраның сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қорының ресурстық әлеуетiн пайдалануға;
4) орманның орта құрайтын және ортаны қорғайтын функцияларының сақталуын, сондай-ақ екпелердi, дәрi-дәрмектiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзуге, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі өзге де талаптарды орындауға;
5) мемлекеттік орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, өрт қауiпсiздiгi мен орман пайдалану ережелерi бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтың алдын алуға, оны дер кезiнде байқап, жолын кесуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
6) орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсетуге;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес орманды шолып, тексеру жүргізуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге міндетті.
27-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң мiндеттерi
Жекеше орман иеленушiлер:
1) өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жүргiзуге;
2) өздерiнiң меншiгіндегі ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандардың санитарлық жай-күйiн жақсартуды және оларды күтiп-баптауды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға орман қорының мемлекеттік есебiн, мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды табыс етуге;
4) өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнiң өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен орман ауруларына қарсы күрес жөніндегі қажетті шараларды қолдануға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгіндегі жекеше орман қоры учаскелерiнде ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге мiндеттi.
28-бап. Орман иелену құқығының тоқтатылуы
1. Мемлекеттік орман иелену құқығы:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерi орман иеленуiнде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттік орман иеленушiге берiлген жағдайда;
2) мемлекеттік орман қорының жерi Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойылған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылады.
6-тарау. Орман пайдалану құқығы
29-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы орман билетiнiң негiзiнде туындайды.
3. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады.
4. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.
5. Орман пайдалану құқығы - орман пайдалану түрi сақталғанда ғана, құқық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат пен өндiрiстiк қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиiстi біліктiлiкке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөніндегі қызметтiң лицензияланатын түрi жүзеге асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкiн.
6. Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерістер енгізу арқылы ресiмделедi.
30-бап. Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын тәртiппен туындайды.
31-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн қарауында мемлекеттік орман қоры учаскелерi бар уәкiлеттi орган немесе облыстық атқарушы орган мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi біліктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.
3. Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бірақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс.
5. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс.
32-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптары
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында мынадай талаптар:
1) орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскесiнiң шекаралары;
2) мемлекеттік орман қоры учаскесiнiң алаңы және мөлшерлеу көрсеткiштерi;
3) орман пайдалану түрлерi;
4) орман пайдаланудың көлемi (мөлшерi);
5) орман пайдалану мерзiмi;
6) орман пайдалану төлемақысының мөлшерi мен оны енгізу тәртібі;
7) тараптардың орман ресурстарын күзету, қорғау және молықтыру жөніндегі мiндеттерi;
8) тараптардың шарт талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы;
9) лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi (орман пайдалану жөніндегі қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыратын жағдайда);
10) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
11) Қазақстан Республикасының орман заңдарында көзделген және тараптардың қалауымен анықталған өзге деталаптар көрсетiледi.
33-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының нысаны және оны мемлекеттік тiркеу
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік тiркелуге жатады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты ол мемлекеттік тiркеуден өткен кезден бастап жасалған болып есептеледi.
34-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзiмдi орман пайдалану
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары қысқа мерзiмдi орман пайдалануға мемлекеттік орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бір жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланудың:
1) жанама орман пайдалану;
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану;
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттары үшiн пайдалану сияқты түрлерiн ғана жүзеге асыруға болады.
35-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу тәртібі
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлердi өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
36-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билетi мен орман билетi негiзiнде ғана жол берiледi.
2. Тендер нәтижелерi туралы хаттама, ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты ағаш кесу билетiн беру үшiн негiздеме болып табылады.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға сүрек (қабығымен іске жарамды және отындық), кесілген ағаштардың қалдықтары (ұшар басынан алынған отын), шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады.
4. Ағаш кесу билетi орман ресурстарының сандық және сапалық сипаттамасы, орманды пайдалану төлемақысы мөлшерi, жұмыстар жүргiзудiң мерзімдерi, орманды молықтыру талаптары мен ағаш кесу орындарын тазарту, дайындау технологиясына қойылатын орман шаруашылығы талаптары туралы мәлiметтердi, ағаш кесу билетiнiң қолданылуын тоқтату шарттарын қамтиды.
5. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға жыл сайын, оны беру үшiн негiздеме болған құжаттарда көрсетiлген орман пайдалану түрлерiн ғана жүзеге асыруға, белгiленген көлемде және мемлекеттік орман қорының нақты учаскесiне арнап берiледi.
6. Шайыр және ағаш шырындарын дайындауға арналған ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға сөл ағызудың бүкiл мерзiмiне берiледi.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Мемлекеттік орман иеленушi аралық пайдалану мақсатында кесуді және өзгедей мақсатта кесуді, жанама орман пайдалануды жүргiзген кезде ағаш кесу билетi мен (немесе) орман билетi орманшылық басшысына, ал орманшылық болмаған жағдайда - аталған ағаш кесу мен орман пайдалануды жүргiзуге жауапты лауазымды адамға жазылады.
8. Орман билетi жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар қажеттiгi үшiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып табылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Ағаш кесу билетiнiң және орман билетiнiң нысанын, оларды есепке алудың, сақтаудың, толтыру мен берудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
10. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттама құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
37-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi құқықтары
1. Орман пайдаланушылардың:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көрсетілген көлемде жүзеге асыруға;
2) өздерiне орман пайдалануда берiлген орман ресурстары туралы ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман пайдалану мерзiмiне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын жолдар тартуға, сүректi және мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалануға байланысты басқа да орман өнiмдерiн өңдеу үшiн жабдықтар орнатуға;
4) мемлекеттік орман қорының санаттарының өзгеруi, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет қажеттіктері үшiн алып қою салдарынан келтiрiлген шығындарға өтем алуға құқығы бар.
2. Орман пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
38-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi мiндеттерi
Орман пайдаланушылар:
1) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ ағаш кесу билетiмен, орман билетiмен белгiленген талаптарды сақтауға;
2) тұрғын халықтың денсаулығына зиян келтiруiне жол бермеуге;
3) жұмысты топырақ эрозиясының пайда болуына жол бермейтiн, ормандардың жай-күйi мен молайтылуына, сондай-ақ су және басқа да табиғи объектiлердiң жай-күйiне терiс әсердi болдырмайтын немесе оны шектейтiн және жануарлар дүниесi мен олар тiршiлiк ететiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзуге;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) сүрек дайындаған кезде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткiзiлген техника мен технологияларды пайдалана отырып ормандарды табиғи түрде молықтыру үшiн оңтайлы жағдайларды сақтау жөніндегі талаптарды ұстануға;
5) мемлекеттік орман қорының өздерiне орман пайдалану үшiн бөлiнiп берiлген учаскелерiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, өртке қарсы iс-шараларды жүргiзуге, ал орман өртi пайда болған жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз етуге;
6) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттік орман иеленушiлермен келiсе отырып өртке қарсы iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және бекiтуге, сондай-ақ оларды белгiленген мерзiмдерде жүзеге асыруға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мемлекеттік орман қоры аумағында өздерi мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк, спорттық және басқа да iс-шаралар мен жұмыстарды өткiзетiн жерлерде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен нормаларға сәйкес өрт сөндiретiн құралдары болуына;
8) ағашы кесiлетiн жерлерде оны дайындау мен тасып әкетудiң белгiленген мерзiмi аяқталған соң кесiлмеген және дайындалған ағаш сүректерiн қалдырмауға;
9) кеспеағаш аймағын кесiлген ағаштардың қалдықтарынан сүрек дайындаумен бір мезгiлде тазартуға;
10) мемлекеттік орман қорының орман пайдалану үшiн бөлiнген учаскелерiнде заңсыз ағаш кесуге және Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану туралы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын өзге де бұзушылықтарға жол бермеуге;
11) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жұмыс аяқталғаннан кейiн оларды мемлекеттік орман иеленушiлерге тапсыруға;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде басты пайдалану мақсатында ағаш кескен кезде, орман орналастыру жобасына сәйкес, орманды қайта жаңартуды қоса алғанда, ағашы кесiлген алаңының екi еселенген мөлшерiнен астам алаңына орманды молықтыруды жүзеге асыруға;
13) ағашы кесiлген жерлерде және өздерiнiң қызметi салдарынан өскiндер жойылған, ағаш пен бұта өсiмдiктерi құрып кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебiнен жүзеге асыруға;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығы шеккен шығындар мен шығасыны өтеуге;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен орманды пайдаланудың төлемақысын уақтылы енгізуге;
16) ормандардың санитариялық жай-күйiн қамтамасыз ету мен жақсарту жөніндегі ережелердi (бұдан әрi - ормандардағы санитарлық ережелер) сақтауға;
17) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерiн орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға;
18) мемлекеттік орман иеленушiлердi мемлекеттік орман қорының орман пайдалану үшiн өздерiне бөлiнiп берiлген учаскелерiнде орман зиянкестерi мен ауруларының пайда болғаны туралы хабардар етуге;
19) өзге орман пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен уәкiлеттi органға және оның аумақтық органдарына, облыстық атқарушы органдар мен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға орман қорының мемлекеттік есебiн, мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман мониторингiн жүргiзу, орман пайдалану төлемақысының мөлшерiн анықтау үшiн қажеттi ақпаратты берiп тұруға;
 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  20-1-тармақшамен толықтырылды   
20-1) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде экологиялық рұқсат алуға;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
 
39-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтата тұру мен шектеу негiздерi
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
1) орман пайдаланушы Қазақстан Республикасы орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының талаптарын бұзған;
2) орман пайдаланушы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының, ағаш кесу билетiнiң, орман билетiнiң талаптарын орындамаған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
1) мемлекеттік орман қорының орман пайдалану жүзеге асырылатын учаскелерiнде орман ресурстарының жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесiнде олардың қоры азайған;
2) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар өткiзiлетiн жағдайларда, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болатын кезеңде шектелуi мүмкiн.
3. Егер орман пайдалану құқығының шектелуiн не тоқтатыла тұруын тудырған мән-жайлар немесе жағдайлар жойылса, орман пайдалану құқығы толық көлемiнде қалпына келтiрiледi.
4. Орман пайдаланушы өзiнiң орман пайдалану құқығын шектеу туралы немесе тоқтата тұру туралы шешiммен келiспеген жағдайда, оның бұл шешiмге сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.
5. Орман пайдалану құқығын шектеу немесе тоқтата тұру орман пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және өзге де жауапкершiлiктен босатпайды.
 
40-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
1) орман пайдаланушы орман пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан;
2) орман пайдалану мерзiмi өткен;
3) орман пайдаланушы заңды тұлға таратылған;
4) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгiленген ережелерiн немесе ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында, ағаш кесу билетiнде, орман билетiнде көзделген талаптарды үнемi (екi және одан да көп рет) бұзған;
5) мемлекеттік орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн өзгерістерге әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталғанда;
6) орман пайдалану төлемақысын енгізудiң белгiленген мерзiмiн үнемi (екi және одан да көп рет) бұзған немесе орман пайдаланудың төлемақысын белгiленген мерзiмнен кейiнгi үш ай iшiнде енгiзбеген;
7) мемлекеттік орман қоры жерi мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойылған, мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды шектеудiң неғұрлым қатал режимi белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату орман пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және өзгедей жауапкершiлiктен босатпайды.
 
41-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату тәртібі
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
1) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының бұзылуы;
2) орман пайдаланушының жазбаша өтiнiшi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ағаш кесу билетi, орман билетi қолданылуының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен тоқтатылуы;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4) лицензиядан айыру (орман пайдалану жөніндегі қызметтiң лицензияланатын түрi жүзеге асырылған жағдайда) негiзiнде тоқтатылады.
 
42-бап. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуы
1. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болу тәртібі мен шарттары мемлекеттік орман қорының санатымен, аумақтың абаттану деңгейiмен және орман пайдаланудың түрiмен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы жеке ережелермен айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың рұқсаттама құжаттарынсыз демалысын өткізу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу, жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз қажетi үшiн жинау мақсатында мемлекеттік орман қоры аумағында тегiн болуға құқығы бар.
3. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағынан жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты, өзге де орман ресурстарын жинауына өз қажетi үшiн облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi органның шешiмiмен бекітілген нормалар шегiнде рұқсат етiледi.
4. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына және жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын жинауына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың денсаулығын қорғау, өрт қауiпсiздiгi, жаңғақ кәсiпшiлiгi, орман-жемiс, орман тұқым және аңшылық шаруашылықтарын жүргiзу мүддесiне орай шектеу қойылуы мүмкiн.
5. Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жабайы өсiмдiктер мен саңырауқұлақ түрлерiн, сондай-ақ құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiктер мен құрамында есiрткi заттар бар табиғи шикiзат жинау мен дайындауға тыйым салынады.
6. Жеке тұлғалар өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, ағаштар мен бұталарды сындырмауға және кеспеуге, орман ағаштарының зақымдануына, ормандардың ластануына, құмырсқа илеулерiнiң, құс ұяларының бұзылуына жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрiлiк шикiзатты олардың молықтырылуына нұқсан келмейтiн мерзiмде және тәсiлдермен жинауға мiндеттi.
7. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында аң аулау және балық аулау мақсатында болуы осы Кодекспен регламенттеледi.
 
4-бөлім. Орман шаруашылығын ұйымдастыру
 
7-тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негіздері
 
43-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру:
1) орман орналастыру iсiн жүргiзудi;
2) мемлекеттік орман қорын санаттарға бөлудi;
3) мемлекеттік орман қорын алқаптар түрлерi бойынша бөлудi;
4) кесу жасын белгiлеудi;
5) кесу жүйесi мен орман ресурстарын молықтыру жүйесiн белгiлеудi;
6) орман пайдалану нормаларын белгiлеудi;
7) ормандарды күзету мен қорғау жөнiнде шаралар белгiлеудi;
8) орман селекциясы мен орман тұқым шаруашылығын жүргізуді;
9) ормандарды зерттеу, есепке алу, күзету, қорғау, молықтыру, орман өcipу, орман пайдалануды реттеу және Қазақстан Республикасының орман заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзге де құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шараларды қамтиды.
2. Мемлекеттік орман қорын тиiмдi күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік орман иелiктерi аумағы орманшылықтарға, орман шеберi учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлiнедi.
 
44-бап. Мемлекеттік орман қорының санаттары және орман пайдалануды шектеу режимi
1. Қазақстан Республикасындағы барлық орман су күзету, егiс-топырақ қорғау, гендiк, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және өзге де пайдалы функцияларды атқаратын қорғаныштық орман болып табылады.
2. Ормандардың атқаратын функцияларының басымдықтарына қарай мемлекеттік орман қоры:
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ерекше қорғалатын орман аумақтары, оның iшiнде:
мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары;
мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар ормандары;
мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары;
мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтар ормандары;
мемлекеттік қорық аймақтары ормандары;
табиғаттың мемлекеттік орман ескерткiштерi;
орманның гендiк резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелерi;
аса құнды орман алаптары;
жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары;
орман-жемiс екпелерi;
аса биiк тау ормандары;
2) мемлекеттік қорғаныштық орман белдеулерi;
3) қала ормандары мен орманды саябақтар;
4) елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтары;
5) эрозияға қарсы ормандар;
6) өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерi;
7) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары, каналдар, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелер;
8) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулер;
9) егiс-топырақ қорғаныштық ормандар санаттарына бөлiнедi.
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулерге жұмыс iстеп тұрған және салынып жатқан темір жолдарға бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан, темір жол төсемiнен екi жаққа қарай бес жүз метр шегіндегі орман және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан, жолдың ортасынан екi жаққа қарай екi жүз елу метр шегіндегі орман жатады.
4. Мемлекеттік орман қоры санаттарында орман пайдалануды шектеудiң мынадай режимдерi белгiленедi:
1) қорық режимi - осы Кодексте айтылған жағдайларды қоспағанда, орман пайдаланудың барлық түрлерiне, оның iшiнде ағаштарды кесуге тыйым салынады;
2) тапсырыс режимi - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге (ағаш кесудiң өзге түрлерi осы Кодексте айтылған жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн), шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға, шөп шабу мен мал жаюға тыйым салынады;
3) шектеулi шаруашылық қызметiнiң режимi - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге (ағаш кесудiң өзге де түрлерi осы Кодексте айтылған жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн), шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға тыйым салынады.
 
45-бап. Мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу
1. Мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ орман пайдалануға тыйым салынатын немесе ол шектелетiн ерекше қорғаныштық учаскелерге бөлiнуi мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде орман орналастыру материалдары және (немесе) арнайы зерттеулер негiзiнде оның экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық маңызына қарай жүргiзiледi.
2. Мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызуды, сондай-ақ бір санаттан екiншi санатқа ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргiзедi.
3. Мемлекеттік орман қорында, осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетiлген санаттарды қоспағанда, орман пайдаланудың шектеулi режимiмен ерекше қорғаныштық учаскелер бөлiнуi мүмкiн.
Ерекше қорғаныштық учаскелер басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiне сәйкес орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер кезiнде бөлiнедi.
 
46-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кесу жасын белгiлеу
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кесу жасы ормандардың маңызы мен өнiмдiлiгi, олардың атқаратын функциялары, ағаш және бұта тұқымдастарының биологиялық ерекшелiктерi, сондай-ақ сүректiң мақсатты пайдаланылуы негiзге алына отырып айқындалады.
2. Кесу жасын негiздеу орман орналастыру кезiнде немесе ғылыми зерттеулер нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.
3. Кесу жасын бекiтудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
 
47-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептi кеспеағаш аймағы
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептi кеспе ағаш аймағы басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртібімен сүрек дайындаудың орман орналастыру кезiнде орманды үздiксiз және сарқылмайтындай етiп пайдалану принципi негiзге алына отырып, әрбір мемлекеттік орман иелiгi бойынша тексеру кезеңiне белгiленетiн жыл сайынғы нормасы.
Республиканың бүкiл аумағы және оның жекелеген облысының аумағы үшiн есептi кеспеағаш аймағы жекелеген мемлекеттік орман иелiктерiнiң есептi кеспеағаш аймағының жиынтығы ретiнде айқындалады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептi кеспеағаш аймағын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган бекiтедi және ол орман орналастыру жұмыстары аяқталған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген жағдайда, есептi кеспеағаш аймағы осы учаскелер үшiн, қажетiне қарай уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен белгiленуi мүмкiн.
4. Мемлекеттік орман қорының шекарасы мен жай-күйi, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жасы, мемлекеттік орман қорының қорғаныштық санаты өзгерген кезде есептi кеспеағаш аймағына өзгерістер енгiзiледi.
Мемлекеттік орман қоры учаскесiнде өзгертiлген есептi кеспеағаш аймағын бекiтудi мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган жүргiзедi.
 
48-бап. Мемлекеттік орман қоры алқаптарының түрлерi
Мемлекеттік орман қорының құрамы:
1) орман алқаптарына (орманды алқаптар; орманның жинақталмаған ағаштары; арнайы мақсаттағы плантациялар, орман питомниктерi, сондай-ақ ағаш өспеген алқаптар - ағашы кесiлген, өртең, алаңқай, селдiр ормандар);
2) ағаш өспеген алқаптарға (ауыл шаруашылығы алқаптары, жолдар, орманның шаршы соқпақтары, өртке қарсы жыртылған жерлер, усадьбалар, сулар, батпақтар, мұздақтар, құмайт жерлер және мемлекеттік орман қоры құрамындағы басқа да алқаптар) бөлiнедi.
 
49-бап. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру
1. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыруды орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер материалдары негiзiнде аумақтық орган жүргiзедi.
Алаңқай жерлер топырақ зерттеу және орман орналастыру материалдары бойынша орман өсiруге жарамсыз деп танылған жағдайларда ағаш өспеген алқаптарға айналдырылуы мүмкiн.
2. Аумақтық органның орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда орманды алқаптарды ағаш өспеген алқаптарға айналдыру туралы шешiмiнде учаскенiң орналасқан жерi, оның көлемi, ағаш өспеген алқапқа айналдыруды жүзеге асырудың мақсаты мен мерзiмi, атқаруға рұқсат етiлген жұмыстардың тiзбесi, ағаш өспеген алқапқа айналдыру мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi осы учаскенi жаңғырту жөніндегі iс-шаралар көрсетiледi.
 
50-бап. Мемлекеттік орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру
Мемлекеттік орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыруды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттік орман иеленушi жүргiзедi.
 
51-бап. Мемлекеттік орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет қажетiне алып қою
1. Мемлекеттік орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыруды және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет қажетiне алып қоюды Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет қажетiне алып қойған кезде, ағаш өспеген алқапқа айналдыруды және (немесе) алып қоюды өз мүддесi үшiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен орман шаруашылығы өндiрiсіндегі шығасы мен шығындардың орнын толтырады.
3. Мемлекеттік орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет қажетi үшiн алып қойған кезде осы жерлердегi екпелердi сақтау немесе кесу туралы және кесiлген жағдайда алынатын сүректі пайдалану туралы мәселе бір мезгiлде шешiледi.
 
52-бап. Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту
Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес жүргiзiледi.
 
53-бап. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды келiсу
1. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындар мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мiндеттi түрде жүргiзiле отырып, уәкiлеттi органмен келісіледi.
2. Кәсiпорындарды, ғимараттарды және басқа объектiлердi орналастырған, жобалаған, салған және пайдалануға берген кезде, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне әсер ететiн жаңа технологиялық процестердi енгiзген кезде ормандарды ақаба судың, өнеркәсiптiк және коммуналдық-тұрмыстық шығарындылардың, қалдықтардың және төгiндiлердiң жағымсыз әсерiнен сақтауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар көзделiп, жүзеге асырылуға тиiс.
3. Ормандардың жай-күйiне зиянды әсердi болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, цехтарды, көлiк жолдары мен басқа да объектiлердi пайдалануға беруге тыйым салынады.
 
54-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзу
1. Мемлекеттік орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргiзу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшiн мемлекеттік орман қорының жерiн басқа санаттарға ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкiлеттi органның келісімi бойынша облыстық атқарушы органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Облыстық атқарушы органның шешiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың атауы, оларды орындаудың мерзiмдерi мен шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар көрсетiледi.
 
5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының
мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
 
8-тарау. Орман орналастыру
 
55-бап. Орман орналастыру
1. Орман орналастыру орман шаруашылығын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыруға, орман шаруашылығында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға, орман қорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүйесiн қамтиды.
Орман орналастыру кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қорының шекарасын және мемлекеттік орман иелiктерiнiң шаруашылық iшiнде ұйымдастырылуын анықтау;
2) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау мен мемлекеттік орман қорын арнайы картаға түсiру;
3) ормандардың тұқымдық және жас құрамын, олардың жай-күйін анықтай отырып, орман қорын түгендеу, сондай-ақ орман ресурстарының сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) мемлекеттік табиғат-қорық қоры объектілерін, орманның аса сирек кездесетiн өсiмдiктерiн және ерекше қорғаныштық учаскелердi анықтау;
5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу, өзгедей мақсатта ағаш кесу, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, суландыру, күзету мен қорғау жөніндегі iс-шараларды және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу үшiн мемлекеттік орман қоры учаскелерiн анықтау, сондай-ақ оларды жүргiзудiң тәртібі мен тәсiлдерiн анықтау;
6) мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызуды негiздеу, мемлекеттік орман қорын бір санаттан екiншi санатқа ауыстыру, ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры учаскелерiн алқаптар түрiне жатқызу және оларды негiздеу;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде есептi кеспеағаштарды, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мөлшерiн, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жасын анықтау;
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман тұқым шаруашылығы, ормандарды күзету мен қорғау жөніндегі iс-шаралардың, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларының көлемiн анықтау;
9) жанама орман пайдалану мен қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану мөлшерiн анықтау;
10) орманды биологиялық зерттеулер;
11) орман орналастыру жобаларын жүзеге асыруды авторлық қадағалау;
12) орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу және облыстар бойынша орман орналастырудың жиынтық жобаларын жасау;
13) өзге де орман орналастыру жұмыстары жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде мемлекеттік орман қорының шекарасын белгiлеуге, ормандарды түгендеуге және орман шаруашылығын жүргiзудi жоспарлауға байланысты орман орналастыру мемлекеттiң монополиясына жатады.
3. Орман орналастыру материалдары мемлекеттік орман қоры жерiнiң шекарасын белгiлейтiн және нақтылайтын кезде, жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде қолданылады.
 
56-бап. Орман орналастыруды жүргізу жүйесі
1. Орман орналастыру уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бірыңғай жүйе бойынша орындалады.
2. Мемлекеттік орман қоры аумағына орман орналастыруды уәкiлеттi органның құзырындағы мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары жүргiзедi.
3. Орман орналастыруды жүргiзбей және осы Кодексте белгiленген тәртiппен бекітілген орман орналастыру құжаттамасынсыз мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға тыйым салынады.
 
57-бап. Мемлекеттік орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары
1. Мемлекеттік орман қорында орман орналастыру кезiнде орман орналастыру жобалары жасалады, оларда өткен тексеру кезеңi iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен мемлекеттік орман қорын пайдалануға кешендi баға берiледi, орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргiзудiң келесi тексеру кезеңiне арналған негiзгi ережелерi әзiрленедi.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен мемлекеттік орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттарын уәкiлеттi орган бекiтедi және олар орман шаруашылығын жүргiзу, оның ағымдағы және болашақтағы дамуын жоспарлау үшiн мiндеттi нормативтiк актiлер болып табылады.
3. Орман орналастыру жобалары орман орналастыру жұмыстары аяқталғаннан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
 
58-бап. Орман қоры туралы ақпарат
1. Орман қоры туралы ақпарат орман қорының мемлекеттік есебi, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингi, орман орналастыру деректерiн және уәкiлеттi орган және (немесе) оған ведомостволық бағыныстағы ұйымдар өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде алған өзге де деректердi қамтиды.
2. Орман қоры туралы ақпарат мемлекеттік меншiк болып табылады, оны жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес анықтайды.
 
9-тарау. Орман қорының мемлекеттік есебі,
мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
 
59-бап. Орман қорының мемлекеттік есебi
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Орман қорының мемлекеттік есебi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерістерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
Мемлекеттік орман қорының құрамындағы ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке бөлiнедi және есепке алынады.
Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтар мен мемлекеттік табиғи резерваттар шекарасындағы мемлекеттік табиғи ескерткiштер солардың құрамында есепке алынады.
Орман қорының мемлекеттік есебiнiң деректерi мемлекеттік орман кадастрын жүргiзген кезде пайдаланылады.
2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Орман қорын мемлекеттік есепке алудың нысанын уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді.
 
60-бап. Мемлекеттік орман кадастры
1. Мемлекеттік орман кадастры орман қорының құқықтық режимi, оны орман иеленушiлер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйi, мемлекеттік орман қорын санаттары бойынша бөлу туралы мәлiметтер жүйесiн және орман қорының орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы деректердi қамтиды.
2. Мемлекеттік орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттік басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзуге және мемлекеттік орман қорын пайдалануға байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерiн алып қою, орман пайдаланудың төлемақысы мөлшерiн белгiлеу, орман пайдаланушылар мен орман иеленушiлердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.
3. Мемлекеттік орман кадастры көрсеткiштерiнiң тiзбесi мен ормандарды экономикалық бағалау әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
 
61-бап. Мемлекеттік орман мониторингi
Мемлекеттік орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.
 
6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен
орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы
 
10-тарау. Орман қорын күзету мен қорғау
 
62-бап. Мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғау мiндеттерi
Мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi:
1) ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқап, жою жөніндегі іс-шараларды жүргiзу;
2) мемлекеттік орман қоры аумағындағы барлық жұмыс iстейтiн әрi сонда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда болатын жеке тұлғалардың ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелердi сақтауын қамтамасыз ету;
3) орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерiн күзету;
4) орман пайдаланушылардың сүрiктi түбірiмен босату ережелерiн және орман пайдаланудың басқа да түрлерi ережелерiн орындауын қамтамасыз ету;
5) орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау, олардың өсiп-көбеюiн болжау және оларға қарсы күресу;
6) биотехникалық iс-шараларды жүргiзу;
7) мемлекеттік орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету;
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  8) тармақша өзгертілді    
8) мемлекеттік орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуын, ұтымды пайдаланылуын және орман өсiрудi қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер ;
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  9) тармақшамен  толықтырылды    
9) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
 
63-бап. Орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары, орман иеленушiлер, орман пайдаланушылар орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ормандарды өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен регламенттеледі.
3. Ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiне сәйкес өрт қаупi жағдайын бәсеңдету мақсатында орман иелерi өткiзетiн орман қоры аумағындағы және оған iргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердiң барлық санаттарында шөптесiн өсiмдiктердi өртеуге тыйым салынады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өрт қаупi жоғары кезеңде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бір түрлерiн жүргiзуге шектеу қояды.
5. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
64-бап. Орман шаруашылығы объектiлеріндегі мемлекеттік өрт қадағалау
1. Орман шаруашылығы объектiлеріндегі мемлекеттік өрт қадағалау Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органының уәкiлеттi органмен және (немесе) тиiстi облыстың облыстық атқарушы органымен жасаған келісімiмен регламенттеледi.
2. Мемлекеттік орман қорының аумағында жұмыс iстейтiн және болатын орман пайдаланушылар, өзге де жеке және заңды тұлғалар ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
65-бап. Орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар
1. Ормандарды өрттен күзету, орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды осы салада маманданған ұйымдар, соның iшiнде мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысуға құқығы бар мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
2. Орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар туралы ережені азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Ормандарды өрттен күзету жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау үшiн осы салада маманданған ұйымдарды мемлекеттік метеорологиялық қызмет қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi ауа райы болжамдарымен қамтамасыз етедi.
66-бап. Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бірлестiктерiнiң орман қорын күзетуге қатысуы
1. Орман қорын өрттен күзетуге, олардың алдын алу мен сөндiруге қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бірлестiктерi қатыса алады.
2. Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бірлестiктерiн құру мен олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
67-бап. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау
1. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау мемлекеттік орман қорының жай-күйiн жүйелi түрде қадағалап отырумен, ошақтардың пайда болуының алдын алу, оларды оқшаулау мен жою шаралары арқылы орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтаумен қамтамасыз етiледi.
2. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау:
1) ағымдағы, экспедициялық, аэровизуальдi және басқа да орман-патологиялық зерттеулер;
2) орман зиянкестерi мен ауруларының өсiп-көбеюiн жалпы, алдын ала және егжей-тегжейлi қадағалау;
3) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі жер бетіндегі және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру;
4) орман зиянкестерi мен ауруларының алдын алу мен оның ошақтарын жою iс-шараларын қамтиды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөніндегі iс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн, ормандардағы санитарлық ережелермен регламенттеледi.
68-бап. Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестiктердiң орман қорын күзету мен қорғауды қамтамасыз етуге қатысуы
Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестiктер орман қорын күзету мен қорғауды қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қатысады.
11-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті
 
69-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi (бұдан әрi мемлекеттік орман күзетi) орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.
2. Мемлекеттік орман күзетiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн:
1) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік орман қорын пайдалануды жүзеге асыруға рұқсат беретiн құжаттарын тексеру;
2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде хаттамалар жасау;
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау және оларды құқық қорғау органдарына жеткізу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды тексерiп қарау, ал қажет болған кезде ұсталған адамдарды жеке қарап тексеру;
5) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың заңсыз қолға түсiрген орман ресурстары мен жануарлар дүниесi ресурстарын, оларды қолға түсiру құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұлардың кейiннен кiмге тиесiлi болатыны туралы мәселенi шешу құқықтары;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар берiледi.
3. Мемлекеттік орман күзеті мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде:
1) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және оның жолын кесуге;
2) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу фактілері жөніндегі ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге;
3) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғаларға анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде жазбаша нұсқаулар беруге;
4) мемлекеттік орман қоры жерлерiнде, сондай-ақ орман өртi тiкелей қауiп тудырған жағдайда оған iргелес аумақтарда ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау мен сөндiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге;
5) шаруашылық қызмет пен өзге де қызметтердi шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге мiндеттi.
6) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат eтiледi.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нысанды киіммен (погонсыз), қызметтiк қарумен және арнаулы қорғаныс құралдарымен, қызметтiк жер телiмiмен қамтамасыз етiледi.
6. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдарының қол күшiн, арнаулы қорғаныс құралдарын және қызметтiк қаруды қолдануға құқығы бар.
7. Мемлекеттік орман күзетiнiң қызметi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Мемлекеттік орман күзетi туралы ережемен анықталады.
70-бап. Мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
Мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.
12-тарау. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру
71-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру мақсаттары
1. Ормандарды молықтыру мақсаты мемлекеттік орман қорының ағашы кесiлген, өртелген және бұрын орман өскен өзге де аумақтарында орманды уақытында қалпына келтiру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту, олардың өнiмдiлiгін арттыру, мемлекеттік орман қоры жерлерiнiң ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Орман өсiру мақсаты бұрын ағаш өспеген аумақтарда екпелер отырғызу болып табылады.
72-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыру
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыруды қамтамасыз етуге тиiс.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыру ағаш кесудiң ғылыми негiзделген жүйесiн iске асыру, ормандарды молықтыру, олардың тұқымдық құрамын жақсарту, селекциялық-гендiк негiзде тұрақты тұқым базасын жасау мен оны тиiмдi пайдалану, су-орман мелиорациясы, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу мен санитарлық мақсатта ағаш кесудi қоса алғанда, орманды күтiп-баптау, орман шаруашылығына арнап жол салу, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын өткізу нәтижесiнде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн көтеру жөніндегі iс-шараларды орман мекемелерi мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларына сәйкес жүргiзедi.
73-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру жөніндегі iс-шаралар орман өсiру жағдайы мен экономикалық мақсатқа сәйкестiгi ескерiле отырып, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, неғұрлым қысқа мерзiмде өнiмдiлiгi жоғары және төзiмдi екпелер жасауды қамтамасыз ететiн әдiстермен жүргiзiлуге тиiс.
2. Мемлекеттік орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі жұмыстар көлемi орман орналастыру және осы салаға маманданған басқа да жобалау-iздестiру ұйымдары әзiрлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөніндегі iс-шараларды жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Жекеше орман қоры жерлерiнде орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
74-бап. Жердi орман мекемелерiне орман өсiру үшiн беру
Республика аумағының оңтайлы ормандануын, өзендер, су айдындары жағалауларының желектенуiн қамтамасыз ету үшiн және басқа да қажеттi жағдайларда орман мекемелерiне мемлекеттік орман қоры жерiнiң құрамына өзге санаттағы жерлер, бірiншi кезекте ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн жарамсыз (сайлар, жыралар, құмдауыттар, басқа да тозған жерлер) жерлер, сондай-ақ босалқы жерлер берiлуi мүмкiн.
Аталған жерлердi орман мекемелерiне беру Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес жүзеге асырылады.
75-бап. Орман флорасы мен фаунасын жерсiндiру
1. Орман биоқауымдастықтарында өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерi мен нысандарын қалпына келтiру және молықтыру жергiлiктi байырғы флора мен фаунаның ең жақсы тұқымдарын қайта жерсiндiру жолымен жүргiзiледi.
2. Орман биоқауымдастықтарына жерсiндiру уәкiлеттi органның және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның келісімi бойынша жүзеге асырылады.
3. Өсiмдiктердiң негiзгi байырғы түрлерiне зиянын тигiзетiн өсiмдiктер түрлерiн жерсiндiруге тыйым салынады.
13-тарау. Орман тұқым шаруашылығы
76-бап. Орман тұқым шаруашылығының мiндеттерi
Орман тұқым шаруашылығының негiзгi мiндеттерi орманды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі жұмыстарды бағалы тұқым қуалаушылық қасиеттерi бар және себу сапасы жоғары тұқымдармен қамтамасыз ету, селекциялық-гендiк негiзде тұрақты орман тұқым базасын қалыптастыру болып табылады.
77-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі тұрақты орман тұқым базасы
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі тұрақты орман тұқым базасы селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы:
1) орман тұқымы плантациялары;
2) тұрақты орман тұқым учаскелерi;
3) артықшылығы бар екпелер объектілерін қамтиды.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде тұрақты орман тұқым базасын жасау ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған тұқымдар мен отырғызу материалдарына қажеттiлiктiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылады және анықталады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүзеге асырады.
4. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi қалыптастыру, оларды мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде пайдаланудың режимiн белгiлеу орман орналастырушы және осы салада маманданған басқа да жобалау-iздестiру және ғылыми ұйымдар әзiрлеген, мемлекеттік-экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
78-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi анықтау мен құру орман өсiмдiктерiнiң гендiк қорын кепiлдi сақтау, тұқым қуалаушылық қасиеттерiн бағалау, орман тұқым шаруашылығында пайдалану үшін неғұрлым келешегі бар тұқымдар түрiн iрiктеп алу үшiн жүзеге асырылады.
2. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлерге:
1) артықшылығы бар ағаштар;
2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары;
3) географиялық дақылдар;
4) популяциялар мен будандардың сынақ дақылдары жатады.
3. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен анықталады және құрылады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары өздері белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
4. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi күзетудi мемлекеттік орман иеленушiлер жүзеге асырады.
79-бап. Орман тұқымын аудандастыру
1. Орман тұқымын аудандастыру ғылыми-зерттеу талдамалары негiзiнде белгiленедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ормандарды молықтыру мен орман өcipу үшiн тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Орман тұқымдары мен отырғызу материалдарын орман тұқымын аудандастыру талаптарын бұза отырып егуге және пайдалануға тыйым салынады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 80-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау, пайдалану және олардың сапасын бақылау»;
1. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқым базасы объектілерінде жүзеге асырылады, ал олар жетiспеген жағдайда қалыпты екпелерде дайындауға жол берiледi.
2. Орман тұқымдарын кемiстiгi бар екпелерде және кемiстiгi бар ағаштардан дайындауға тыйым салынады.
3. Сатуға және егу үшiн пайдалануға жататын орман тұқымдарының егу сапасын, олардың мемлекеттік стандарттарға, техникалық жағдайларға және орман тұқым шаруашылығы жөніндегі басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн айқындауды уәкiлеттi органның маманданған ұйымдары жүзеге асырады.
4. Осы баптың 3-тармағының талаптарына сәйкестiгi тексеруден өтпеген орман тұқымдарын сату мен егуге тыйым салынады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)ж 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
 
14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін
күзету, қорғау, пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды молықтыру мен орман өсіру ерекшеліктері
 
81-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру ерекшелiктерi
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
82-бап. Қала ормандары мен орманды саябақтарда орман пайдалану ерекшелiктерi
1. Қалалық елдi мекендердiң шекарасы шегiнде орналасқан ормандар (қала ормандары мен орманды саябақтар) халықтың демалысына, мәдени-сауықтыру және спорт шараларын өткізуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналады.
2. Қала ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынады.
83-бап. Шекара аймақтарында мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi
Шекара аймақтарындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану осы Кодексте және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
84-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану ерекшелiктерi
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану осы Кодекстiң талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Пайдалануына мемлекеттік орман қоры учаскелерi берiлген жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар осы Кодексте белгiленген тәртiппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргiзуге және орман қорының мемлекеттік есебiн жүргiзуге қатысуға мiндеттi.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына бақылауды уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
85-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру ерекшелiктерi
1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес, табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерiнiң шекарасын бойлай енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.
Күзет аймағы шегiнде мемлекеттік орман қоры учаскесiнiң жай-күйiне керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады.
86-бап. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелер жердi қолайсыз табиғи құбылыстар мен антропогендiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.
Бюджет қаражаты есебінен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер өсіп тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынады немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға беріледі және Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісіне сәйкес жекеше орман қоры жерлеріне ауыстырылуы мүмкін.
3. Агроорман-мелиорациялық екпелердiң қорғаныштық функцияларын сақтау мақсатымен орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты кесуге, сондай-ақ өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
87-бап. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
1. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған.
2. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi, оларды өсiру жобаларына сәйкес орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртумен байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды, осы Кодекске сәйкес, жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.
7-бөлім. Орман қорын пайдалану
15-тарау. Орман пайдалану түрлері және орман пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау
 
88-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану түрлері
1. Мемлекеттік орман қорында орман пайдаланудың:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбірлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер) дайындау;
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану түрлерi жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалану орман ресурстарын алып қойып, сондай-ақ оларды алмай да жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскесi орман пайдаланудың бір немесе бірнеше түрлерiн жүзеге асыру үшiн бір немесе бірнеше орман пайдаланушыға берiлуi мүмкiн.
4. Орман пайдаланудың белгiлi бір түрлерiн жүзеге асырған кезде орман ресурстары мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерімен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 89-бап өзгертілді
89-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану жөніндегі қызметтi лицензиялау
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызмет жұмыстар лицензиялануға жатады.
 
16-тарау. Орман пайдалануды жүзеге асыру
 
90-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүрек дайындаудың мынадай түрлерi:
1) толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүргiзiлетiн, басты мақсатта пайдалану үшiн;
2) аралық мақсатта пайдалану үшiн (орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерiн жоғалтқан екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу);
3) өзге де мақсатта пайдалану үшiн (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезiнде орман алаңдарын тазарту, өтiмдi үйiндiлердi жинау, өзге де мақсаттар үшiн ағаш кесу) ағаш кесу тәртібімен жүзеге асырылады.
 
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 91-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
91-бап. Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей мақсатта ағаш кесу кезiнде мемлекеттік орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың ағашқа деген қажетiн қамтамасыз етуi
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жергiлiктi халықтың ағашқа деген мұқтажы олардан өтiнiм болған кезде, аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей мақсатта ағаш кесу кезiнде жергiлiктi халықтың қатысуымен дайындалған сүректi мемлекеттік орман иеленушiнiң өткізуi есебiнен жүзеге асырылады.
Жергiлiктi халықты отындық ағашпен қамтамасыз ету олардан өтiнiм болған кезде, өтеусiз негiзде мемлекеттік орман иеленушi айқындайтын кеспеағаш аймағынан тыс жерлердегi қоқымдарды жинау есебiнен де жүзеге асырылуы мүмкiн.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағында аталған өтiнiмдер аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс жерлердегi қоқымдарды жинауға бір ай қалғанда тиiстi орман иесiне берiледi.
92-бап. Мемлекеттік орман қорының жекелеген санаттарында орман пайдалануды шектеу
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік орман қорының «мемлекеттік өңірлік табиғи қорықтар ормандары», «табиғаттың мемлекеттік орман ескерткiштерi», «орманның гендiк резерваттарын қоса алғандағы ғылыми маңызы бар орман учаскелерi», «аса құнды орман алаптары» санаттарында, сондай-ақ қорық режиміндегі мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтар аймақтарында, мемлекеттік өңірлік табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында орман пайдалануды шектеудiң қорық режимi белгiленедi.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік орман қорының рекреациялық пайдалану аймақтарындағы, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы, келушiлер мен туристерге қызмет көрсетуге арналған шағын аймақтардағы «мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар ормандары» және «мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтар ормандары» санаттарында; мемлекеттік орман қорының бұзылған ландшафтарды қалпына келтiру аймағындағы «мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары» санатында; мемлекеттік орман қорының тапсырыс режимi аймағындағы «мемлекеттік қорық аймақтары ормандары» санатында; мемлекеттік орман қорының «жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары», «орман-жемiс екпелерi», «aca биiк тау ормандары», «мемлекеттік қорғаныштық орман белдеулерi», «эрозияға қарсы ормандар», «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» және «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелер», «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi» санаттарында орман пайдалануды шектеудiң тапсырыстық режимi белгiленедi.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік орман қорының шектеулi шаруашылық қызметi аймақтарындағы «мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар ормандары» және «мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтар ормандары» санаттарында; мемлекеттік орман қорының шектеулi шаруашылық қызметi аймағындағы «мемлекеттік қорық аймақтары ормандары» санаттарында шектеулi шаруашылық қызмет режимi белгiленедi.
93-бап. Мемлекеттік орман қорының жекелеген санаттағы ормандарында және таудағы ормандарда ағаш кесу ерекшелiктерi
1. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мемлекеттік орман қорының «егiс-топырақ қорғау ормандары» санатының толысқан және қураған сүрекдiңдерiнде; мемлекеттік орман қорының «өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» санатының су жайылған жерлердегi өскiндерiнен жаңарып шығатын жапырақты сүрекдіңдерiнде жүргізіледі.
Мемлекеттік орман қорының басқа санаттарындағы сүрекдiңдерде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салынады.
2. Басқа мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты мемлекеттік орман қорының осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында аталған санаттағы ормандарында ағаш кесу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, тек уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
Мемлекеттік орман қорының «халықаралық және республикалық жалпы маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелерi»; «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi» санаттарында, сондай-ақ мемлекеттік табиғи резерваттардың орнықты даму аймақтары аумағындағы сүрекдiңдерде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және олардың жүргiзiлу ережелерiне сәйкес өзге де мақсаттарда ағаш кесуге жол берiледi.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар ормандарында, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтардың және мемлекеттік қорық аймақтарының қорық режимi аймақтарында, мемлекеттік табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында, мемлекеттік орман табиғат ескерткiштерiнде және орманның гендiк резерваттарында орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажеттi санитарлық және өзге мақсаттарда ағаш кесуге ғана жол берiледi.
Аталған мақсаттарда ағаш кесу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органның рұқсатымен жүргiзiледi.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі таудағы ормандарда осы ормандардың қорғаныштық, эрозияға қарсы және су реттеушiлiк маңызы ескерiле отырып, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәсiлдерi қолданылады.
94-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртібімен сүрек дайындау есептi кеспеағаш шегiнде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi орман орналастыру материалдары бойынша, орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң, санитарлық мақсатта ағаш кесудiң, құндылығы төмен және қорғаныш функциясы жоғала бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесудiң белгiленген нормаларын негiзге ала отырып анықталады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өзге мақсаттарда ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi құрылыс объектілеріне арнап орман алаңдарын тазарту, орман соқпақтарын тарту және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстар көлемiмен анықталады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
95-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі кеспеағаш қоры
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі кеспеағаш қоры басты мақсатта пайдалану үшiн сүрек дайындауға арналған толысқан босалқы сүрекдіңдерден құралады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі кеспеағаш қорының мөлшерi қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректер бөлiп көрсетiле отырып, мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жыл сайын бөлек белгiленедi және уәкiлеттi орган бекiтедi.
96-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүзеге асырылады, олар сөл алудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге арналады.
Толысқан және қураған сүрекдiңдер жеткiлiксiз болған кезде, сөл алу мерзiмiнiң аяқталуына қарай кесу жасына жететiн толысуға таяу сүрекдiңдерден сөл алуға жол берiледi.
Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген жоспарларынсыз аталған сүрекдiңдердi сөл алу үшiн беруге және осы сүрекдiңдерден сөл алуға тыйым салынады.
2. Екпелердiң санитарлық жай-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайда ғана олар сөл алудан мерзiмiнен бұрын босатылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау ережесін, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
97-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өнеркәсiптiк өңдеу және тұрғын халықтың қажетін қанағаттандыру үшін қосалқы сүрек ресурстарын дайындау орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылуға тиіс.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу жұмыстарын жүргiзу тәртібімен кесiлген ағаштардан ғана қабық және бұтақ дайындауға болады.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қураған және құлаған ағаштардан қабық дайындау мемлекеттік орман қорының бүкiл аумағында жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сыпыртқыларды, сыпырғыларды және басқа да сол сияқты заттарды өру, сондай-ақ әзiрлеу үшiн бұтақтарды ағаш кесу ережелерiмен айқындалған тәртiппен өсiп тұрған ағаштардан дайындауға жол берiледi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 98-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
98-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жанама орман пайдалануды жүзеге асыру талаптары
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер және техникалық шикiзат дайындау мен жинау марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау-бақша шаруашылықтары, өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру орманға зиян келтiрiлмей, Қазақстан Республикасында Орманды жанама пайдаланудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерiнде айқындалған тәртiппен жүзеге асырылуға тиiс.
99-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю
1. Мемлекеттік орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттік орман иеленушiлер белгiлейдi.
2. Мемлекеттік орман қорына кiретiн жайылымдарда бақташысыз мал жаюға шалғай, жолы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда ерекше жағдайларда жол берiледi. Мұндай аудандардың тiзбесiн облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi орган бекiтедi.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
100-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетiне пайдалану
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік орман қорының аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн берiлген учаскелерiнде орман пайдалану және орман шаруашылығы iс-шаралары жабайы жануарлардың мекен етуiне қолайлы орта сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
3. Ормандардағы жабайы жануарлар саны экожүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн шекте реттеледi.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерi аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты негiзiнде берiледi.
5. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
101-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге мемлекеттік орман иеленушiлер мемлекеттік орман қоры учаскелерiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - шарт талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары негiзiнде бередi.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
102-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерi мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - шарт талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары негiзiнде берiледi.
2. Орман пайдаланушылар өздерiне берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ортасы мен табиғи ландшафтар қорғалған, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелер сақталған жағдайда абаттандыру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі iс-шараларды жүргiзеді.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
103-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман биоқауымдастықтарының гендiк қорын пайдалану
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман биоқауымдастықтарының гендiк қоры мемлекеттік меншiк объектілеріне жатады және республикалық меншiкте болады, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң гендiк резерваттарын, артықшылығы бар екпелер мен ағаштарды, басқа да селекциялық-гендiк объектiлердi қамтитын шектеулi пайдалану режиміндегі жеке аймақтар түрiнде аумағы жағынан бөлiнедi.
Аталған аймақтарды уәкiлеттi органның және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Орман флорасы мен фаунасының гендiк қорының өсiп-өну материалын басқа мемлекеттермен алмасу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың,
пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі
 
17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың,
ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық
принциптері мен әдістері. Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы
 
104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi
Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жоспарлау;
2) мемлекеттік орман қорында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес орман шаруашылығын жүргiзудi қаржыландыру;
3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерiн ақылы түрде пайдалану;
4) ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңiрлердi ұлғайтуды ынталандыру;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орман иеленушiлердiң және орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру болып табылады.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен тақырыб редакцияда жазылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы
1. Мемлекеттік орман қорын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жекелеген түрлерi үшiн алынады.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы ормандардың пайдалы қасиеттерi, орман ресурстарының сапасы, жалпы пайдаланылатын жолдардан кеспе ағаштар аймағының қашықтығы, жер бедері және ағаш кесу түрлері ескерiле отырып белгiленедi.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары, оны есептеу және оның сомаларын төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте, төлем ставкалары орман пайдалану түрлеріне және олардың өзгеше ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді, олар ауданы бойынша - гектармен (га), көлемі бойынша - тығыздық текше метрімен (м3) немесе қаланған текше метрмен (қал. м3), саны бойынша - түйірлеп, салмағы бойынша - килограммен (кг), центнермен (ц), тоннамен (т) жас (табиғи өсу) күйімен өлшенеді.
 
106-бап. Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру
Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру:
1) Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес, босалқы жерлерден, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер беру;
2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, орман өсiрудi ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман-мелиорациялық және өзге де қорғаныштық екпелер жасау;
3) республика экономикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында өнiмi жоғары плантациялық екпелер отырғызуға ынталандыру;
4) селекциялық-гендiк негiздегi тұқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндiру мен қолдануды ынталандыру;
5) орман шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау жолымен жүзеге асырылады.
107-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру
1. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру мемлекеттік орман қорына, сондай-ақ үшiншi адамдардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi басталған кезде олардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға бағытталған.
2. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру олардың ерiк бiлдiруiмен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттармен айқындалады.
108-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жоспарлау
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды ағымдағы және перспективалық жоспарлау бағдарламалар, орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларына енгiзiледi.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
109-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көздерi
Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру:
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1) бюджет қаражаты;
2) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3) орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерi мен тауарлар өткізуiнен түскен қаражаты;
4) орман пайдаланушылардың қаражаты;
5) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен жүргiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 110-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
110-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды бюджет қаражатынан қаржыландыру
Бюджет қаражатынан:
1) орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебi, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингi;
2) ормандарды өрттен күзету, орман зиянкестерiмен ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстары;
4) орман селекциясы және тұқым шаруашылығы, соның iшiнде тұрақты орман тұқымы базасын қалыптастыру, орман тұқымдарын сертификаттау саласындағы жұмыстар;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) орманның аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының және оларға қарсы күрестің орман патологиялық мониторингін;
6) орман мен аңшылық шаруашылықтары үшiн мамандар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру;
7) орман пайдалануға рұқсаттама құжаттарын дайындау;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
8) уәкiлеттi органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі:
ормандарды өрттен, рұқсатсыз кесуден және Қазақстан Республикасының орман заңдарын өзге де заң бұзушылықтан сақтау, орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау;
ормандарды молықтыру мен орман өсiру;
орман шаруашылығы жолдарының құрылысы және оларды күтiп-ұстау, ормандарды өртке қарсы орналастыру;
орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы жобалау-iздестiру жұмыстары;
күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, санитарлық мақсатта ағаш кесу, кеспеағаш аймағын бөлiп беру және оларды мөлшерлеу;
ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiруге күрделi қаржы бөлу жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылады.
111-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 112-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
112-бап. Орман мекемелерінің ақылы қызметтерінен түскен
қаражаты
1. Орман мекемелерінің өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізу:
1) елді мекендерді көгалдандыру үшін отырғызылатын материалдарды өсіру және орман тұқымдарын жинау, көгалдандыру, қорғау, плантациялық және өзге де екпелерді отырғызу, оқу практикаларын өткізу;
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсаттарда ағаш кесу, соның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімдерін пайдалану үшін ағаш кесу есебінен алатын қаражаты болуы мүмкін.
2. Орман мекемелерінің қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Орман мекемелерінің қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсіруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
 
9-бөлім. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
 
19-тарау. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
 
113-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар:
1) орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе бүлдiру;
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, өз бетiнше иелену мен айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттік меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын өз бетiмен басқа біреуге беру;
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн тиiстi рұқсатсыз тегiстеу, құрылыстар салу, сүректер өңдеу, қоймалар салу және басқа да мақсаттар үшiн заңсыз пайдалану;
4) ағаштар мен бұталарды зақымдау, орманды, оның iшiнде өрттен зақымданған орманды заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау;
5) ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi отқа немесе өзге де аса қауiптi көздерге абай болмау салдарынан жою немесе зақымдау;
6) орман қорын, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi қасақана жағып жiберу, өзге де жалпы қауiптi тәсiлмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе төгiндiлермен ластау салдарынан жою немесе зақымдау;
7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын және санитарлық ережелердi бұзу;
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек, қосалқы сүрек ресурстарын, ағаш шырындарын дайындау мен тасып әкетудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртібін бұзу;
9) орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды нысаналы мақсатқа қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөніндегі мiндеттемелердi орындамау;
10) орман қоры жерлеріндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру;
11) ормандар мен орман қоры жерлерiнде өз бетiнше шөп шабу мен мал жаю;
12) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берiлетiн дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты өз бетiмен жинау;
13) мемлекеттік орман қорының ағашы кесiлген және ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған басқа да алқаптарында ормандарды молықтырудың тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу;
14) орман үшiн пайдалы фаунаны жою;
15) ормандарды қурап қалуға немесе ауруға ұшырататын не оларды ластайтын ақаба сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру;
16) орман қоры жерлеріндегі орман құрғататын жыраларды, кәрiз жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру;
17) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сай келмейтiн әрекеттермен жүзеге асыру;
18) ормандардың жай-күйi мен оларды молықтыруға зиянын тигiзуге әкеп соқтыратын объектiлер салу мен оларды пайдалануға беру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен мөлшерлеудiң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртібін бұзу;
20) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректердi есептi кеспеағаштардан артық мөлшерде дайындау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы өзге заң бұзушылықтар үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының орман заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
115-бап. Мемлекеттік орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару
1. Мемлекеттік орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтар оларды заңсыз пайдалану кезiнде шыққан шығындар өтелместен тиесiлi иелерiне қайтарылады. Бұл ретте мемлекетке орман иеленушi шеккен залал өтеледi.
2. Өз бетімен тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес келтiру және орман алқаптарын қалпына келтiру заң бұзушылар есебiнен жүргiзiледi.
116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық
Осы Кодекстiң 6-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа, орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн заңсыз жойғаны немесе зақымдағаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
20-тарау. Қорытынды ережелер
117-бап. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырылады.
118-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 45-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң «Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы» 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 46-құжат).
 
 
Қазақстан Республикасының
Президентi    
Н. Назарбаев
 
Астана, Ақорда, 2003 жылғы шілденің 8-і.
 № 477-II

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>