03-11-21 |
230 рет қаралған
Назарбаева: Бұл өңірдің тұрақты дамуы үшін өмірлік маңызды мәселе.
Назарбаева: Бұл өңірдің тұрақты дамуы үшін өмірлік маңызды мәселе

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Глазго қаласында өткен климат саммиті барысында «Климатты сақтау үшін күрестегі өңірлік бірлік» Орталық Азиялық конференциясын өткізді.

Оның барысында Қазақстан бастамашылық еткен «жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының хартиясына тағы бір ел – Тәжікстан қосылды.

Тәжікстанның қоршаған ортаны қорғау комитетінің басшысы Шерализода Баходур: «Климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін біз «жасыл көпір» бағдарламасының хартиясына қол қойып отырмыз. Бұл бізге алға қойған мақсаттарымызға және өңірдің климаттық өзгерістермен күресу жөніндегі бірлескен әрекетіне жақындауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді.

«Жасыл көпір» бағдарламасының идеясын Елбасы Н.Назарбаев Астана III экономикалық форумында ұсынған. Бұл Қазақстан ұйымдастыратын елдердің жасыл экономикаға көшуі жөніндегі халықаралық экологиялық бастама.

ҚР экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Әлия Назарбаева тарихи конференция барысында: «Бағдарламаны БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдады және БҰҰ Дүниежүзілік Саммитінде жасыл экономикаға көшу жөніндегі өңіраралық қозғалыс мәртебесіне ие болды. Хартияға 10-нан астам ел қосылды. Бүгін Тәжікстан да қатарға қосылуда. Біздің елдеріміз климатты сақтап, табысты күрес жүргізу үшін бүкіл өңірдің, сондай-ақ халықаралық институттардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін түсінеді. Бұл өңірдің тұрақты дамуы үшін өмірлік маңызды мәселе», – деді.

COP26 алаңында өткен конференция Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы мен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ХЖТИЖО ұйымдастырылды. Оған министр Серікқали Брекешев, Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының көшбасшылары қатысты.

Соңғы онжылдықта біздің өңір ОА-ның барлық елдеріне әсер ететін, мұқият талдауды, келісілген іс-қимылдарды және халықаралық сараптаманы талап ететін экологиялық проблемалардың өсуімен бетпе-бет келеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.