Талдықорған қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері «Астана күнін» ерекше атап өтті

10 Шілде, 20172630


Талдықорған қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері «Астана күнін» ерекше атап өтті, деп хабарлайды arasha.kz сайтының өңірдегі тілшісі.

Облыстағы балалар үйінің  тәрбиеленушілері «Айналайын» сауықтыратын лагерінде жазғы демалысын өткізуде. «Астана күніне» орай жастар ісі жөніндегі облыстық басқармасының және «Жасыл ел» Республикалық бағдарламасының облыстық филиалы  балаларға арнайы сый жасап, қайырымдылық концертін өткізді.

Әр жастағы өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, түрлі спорт шаралары мен сурет салу байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.   

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>