Омбы қаласының журналистері қазақ әріптестерінен көмек сұрайды

12 Шілде, 20174150


Омбы қаласынан келген Торғын Ашенова Ресейдегі қазақтілді БАҚ-тың халі мүшкіл екенін айтты.

«Мен 4 жылдан бері «Омбы қазақтары» деген жастар ұйымын басқарамын. Омбы қаласында 100 мыңдай қазақ тұрады. Біз 2014 жылдан бері «Омбы қазақтары» деген газет шығарамыз. Алғашында бізде 3 газет болды. Қазіргі таңда бір-ақ басылымды шығарып отырмыз. Оның өзінде біршама қиындық бар. Мысалы, газеттің бас редакторы мен журналистер тегін жұмыс істейді. Газетіміз алғаш шыққан кезде қала билігі бізге арнайы грант беріп, 100 мың рубль бөлді. Бірақ ол газеттің 5 нөмірін шығаруға ғана жетті. Соған қарамастан газетті шығарып келеміз», - деді ол.

Торғын Ашенованың айтуынша, аталмыш газетті шығару үшін жергілікті қазақтар өз табысының бір бөлігін осы басылымға жұмсайды екен.

«Газетті шығару үшін өзіміздің тапқан ақшамыздың бір бөлігін басылымға бөлеміз. Сондай-ақ, газетімізге жазылған біршама оқырманымыз бар. Олардан да азда болса қаржы түседі. Бірақ біз газеттің форматын кішірейттік. Бұрын газеттің тиражы 2000-3000 болса, қазір ол 300-ге дейін азайды», - деді ол.

Осы мәселеге байланысты Ресейде тұрып жатқан қандасымыз Қазақстандағы әріптестерінен көмек сұрайды.

«Біздің облыс Қазақстанмен шектеседі ғой. Сондықтан көптеген келісімге қол қойылған. Нәтижесінде бізде Омбы мемлекеттік университетінің жанынан қазақ тілін оқытатын арнайы орталық ашылды. Оны Қазақстан қаржыландырады. Бірақ БАҚ-қа тиісті қолдау көрсетілмейді. Себебі, ол өте қымбат. Біз ақша сұрамаймыз. Тек бізге қазақтілді журналистер көмек көрсетсе екен», - дейді Торғын Ашенова.

baq.kz сайтынан ықшамдалып алынды

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>