А.Кингсли: ЭКСПО-2017 көрмесі – тығыз саяси қарым-қатынас орнатуға тағы бір мүмкіндік туғызады

12 Шілде, 20171890


Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Гана Республикасының ұлттық күні мерекеленді. Бұндай дәрежедегі көрме жаһандық маңызды мәселелерді және әлем елдерінің энергияны жоспарлауы мен тұтынуы туралы білім дамуын талқылауға мүмкіндік беретін таптырмас алаң деп айтты Гананың вице-министрі Ахенкор Кингсли мырза. Оның сөзінше, «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі энергия саласындағы жаһандық жаңалықтарды ашуға және оларды ілгері жылжытуға мүмкіндік береді. 

«ЭКСПО-2017 көрмесіне Гана «Гана – жаңартпалы энергия көздерінің мекені» тақырыбымен қатысуда. Бұл жайт Гана Үкіметінің жаңартпалы энергия  көздерін қолдануды және қолдану аясын барынша кеңейту бағытындағы тұрақты шешімдерді қабылдаушы және еңгізуші көшбасшы елдердің бірі екенін көрсетеді. Бірақ, қазақ жерінде өтіп жатқан бұл көрмеге Гананың қатысу себебінің бастысы – екі ел – Қазақстан мен Гана арасындағы және басқа да қатысушылармен бауырмал саяси және әлеуметтік-экономикалық байланыстарды жаңа дәрежеге көтеру. Бұл көрме әлемдік энергетикалық қажеттіліктерді  қанағаттандыру жолын іздейтін таптырмас ерекше алаң болып табылады», - деді вице-министр.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу үшін Астана кандидатурасын қолдағаны және көрмеге белсенді қатысуы үшін Гана Үкіметіне өз алғысын білдірді.

«Гананың Ұлттық павильоны көрменың барлық қонақтары мен қатысушыларын бұл елдің таңғажайып елдің терең тарихамен, көпқырлы мәдениетімен, және де, жаңартпалы энергия көздерін дамытуға бағытталған жұмыстарымен таныстыруға мүмкіндік бергендеріңіз қуантарлық жағдай», - деді вице-министр мырза.

Өз халқының қонақжайлылығымен, мәдени толеранттылығымен танымал болған Гананы Батыс Африка субрегионының бейбітшілік пен келісім оазисі деп айтады.

 

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>