Атырауда діни радикализмнің алдын алу мәселесі талқыланады

12 Шілде, 2017840


14 шілдеде дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Атырау облысына барады, деп хабарлайды arasha.kz. 

Жұмыс сапары барысында Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен дін мәселелері бойынша өңіраралық семинар өтпекші. Семинарда дін саласындағы мемлекеттік саясат және діни радикализмнің алдын алу шаралары талқыланбақ.

Семинар жұмысына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының дін істері басқармаларының басшылары, дін мәселелері бойынша зерттеу орталықтарының директорлары және ҚМДБ өкілдері қатысады күтілуде.

arasha.kz

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>