«Жол жүру ережесі» заңындағы 16 өзгеріс

14 Шілде, 20176170


Ертең, 15-шілде күні «Жол жүру ережесі» заңындағы өзгерістер қолданысқа енгізіледі. Осыған орай, arasha.kz сайты бұл өзгерістерді арнайы 16 тармақ ретінде көрсетіп отыр.

1. Мүгедек адамдардың мас күйінде автокөлік тізгінің ұстаса 3 (үш) жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

2. Жол бойы орналасқан белгілерге назар аудармай заң бұзған жүргізушінің айыппұлы 5 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін төмендетілді.

3. Тыйым салынған жерлерде қарсы жолаққа шығу, бұрылу немесе кері бұрылу үшін көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту бөлігінде нақтылан

4. Масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді

5. Ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушы көлік құралын тастап кеткен үшін жауапкершілік алынып тасталынды

6. 23.00 мен 06.00 аралығында қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен тұрақсыз тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу алынып тасталынды

7. Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда куәлікті айырбастау кезінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыру жөніндегі міндеттілік алынып тасталынды

8. Ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушының автокөлігін тастап кетуіне тыйым салатын норма алып тасталынды

9.Автобустарды(«D» санаты)  басқару үшін әскери қызметшілердің жасы 19-дан 18 жасқа төмендетілді.

10. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін тіркеу үшін көлік құралын тоқтатқан жағдайда жүргізушілерге фото- бейнежазба жүргізу құқығы берілді.

11. Көлік құралын тоқтатқаннан кейін полиция қызметкерінің  дереу жақындап келуі, өзін таныстыруы, жүргізушінің талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі, тоқтату себебін түсіндіру, радардың (қолданылған жағдайда) деректерін көрсету міндеті белгіленді.

12. Көлік құралына аэрография салу бойынша тыйым салу алынып тасталды.

13. Трамвайды («Tm» санатындағы) басқару құқығын алу үшін жасы 25 жастан 21 жасқа дейін төмендетілді және басқа көлік құралын басқару тәжірибесі бар болу қажеттігі туралы талап алынып тасталынды.

14. Жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедті айдап жүруге тыйым салынды

15. Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына кәсіпкерлік қызмет немесе өзге де еңбек қызметін жүзеге асырған кезде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәлігінің негізінде көлік құралын басқаруға рұқсат берілді.

16. Келесі жағдайда мемлекеттік баж салығы көбейтілген:

- цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 – 5 700 пайызға жоғарлаған

- цифрлық белгіленуімен байланысты емес әріптік белгіленуі бірдей (АА), ВВВ (ВВ), ССС (СС), ZZZ (ZZ) – 5 700 пайызға жоғарлаған

- әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 – 28 500 пайызға жоғарлаған

- әріптік белгіленуі бірдей, 100, 111, 200, …, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн – 19 700 пайызға жоғарлаған

- әріптік белгіленуі бірдей, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 – 11 400 пайызға жоғарлаған

arasha.kz 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>