Мүмкіндігі шектеулі балалар ЕХРО көрмесін тегін тамашалады

14 Шілде, 20172610


Мүмкіндігі шектеулі балалар ЕХРО көрмесін тегін тамашалады, деп хабарлайды arasha.kz.

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі 25 бала болашақ энергияның қыр-сырымен тегін танысып шықты. Орталық павилионнан басталған экскурсия, басқа да елдердің көрмесіне барумен жалғасты.

Орталық директоры орынбасары Құралай Қожамқұлованың айтуы бойынша, балалар өте үлкен әсер алған. Қуаныштарында шек жоқ,  бір сәтке болсын өз мүдегектігін ұмытып, риясыз қуанды, дейді Қ. Қожамқұлова.

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы медициналық, психологиялық, әлеуметтік бейімдеу, педагогикалық көмектер көрсетеді. Бүгінде олардың тәрбиеленуші саны 240-қа жетіп отыр. Жақын күндері басқа балаларды  да кезекпенен халықаралық көрмені көрсету үшін әкелмек.

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>