100 мың АҚШ доллар пара алған екі министрлік шенеуніктері ұсталды (видео)

17 Шілде, 201753030


Алматыда ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"Биыл 13 шілдеде Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті шетелдік компанияның жетекшісінен 50 мың АҚШ долларын құны 12 миллион АҚШ доллар тұратын "МИ-171Е" тікұшағын сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойған ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры М.Д.Досымбеков пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазавиаорманқорғау" РМКҚ" бас директоры Т.Т.Сексенбаевті ұстады", - делінген хабарламада.

Параның жалпы сомасы - 100 мың АҚШ доллары болған. Күдіктілер сот санкциясымен қамалып, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

See video

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>