Шығыс Қазақстан облысында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда

17 Шілде, 20172580


Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды arasha.kz сайтының өңірдегі тілшісі

2017 жылдың 2 тоқсанында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері құқықтық сауаттылықты, ақпараттануды жоғарылатуға, тұрғындардың гендерлік білімі әдістерін жетілдіруге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соынмен қатар, аудан көлемінде «Әйел және қоғам», «Әйелдер көзқарасы», «Тарихтағы және заманауи әлемдегі ерлер мен әйелдер», «Гендерлік білім жыныстар қарым-қатынасындағы үйлесімге бастайтын жол ретінде», «Жаңа замандағы неке және отбасы», «Адам құқықтары: гендерлік көрініс» атты іс-шаралар атқарылды.

Ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы И. Коломиецтің айтуы бойынша, жыл басынан бері жұмысқа орналасуға 343 әйел көмек сұрап, барлығына да көмек көрсетілді. Соның ішінде 253 әйел тұрақты жұмысқа, 13 әйел арнайы әлеуметтік жұмысқа, 9 жас бойжеткендер «жастар практикасы» бағдарламасы бойынша, 177 әйел ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты, дейді И. Коломиец.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасын түсіндіру және іске асыру мақсатымен облыстық, ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі материалдар жарияланып келеді. 

 

 arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>