Қош бол, білім! Қош келдіңіз, сауатсыз һəм мəңгүрт ұлт!

04 Октябрь, 20172650


Осы аптада Серік Абас-шах пен министр Ерлан Сағадиев бір-біріне ұқсас мəлімдемелер жасады.

Секең келесі жылдың қыркүйегіне дейін ағылшын тілін үйреніп аламын деп отыр. Досымды білемін. Сайрап кетпесе де "нан сұрап жеуге жарарлық" бірдеңені миына құйып алар. Ал, министр одан да асып түсіп, елдегі физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдерін үш айлық курста оқытып, қазақшасының өзін түсіну қиын теоремаларды ағылшынша сайратамыз дейді. Сосын əлгі ұстаздар Шекспирдің тілінде сабақ бермек. Фантастика! Қош бол, білім! Қош келдіңіз, сауатсыз һəм мəңгүрт ұлт!

Бұдан басқа теңеу таба алмай отырмын. Не біз ақылдан адастық, не министрдің "крышасы" кетті. Екеудің бірі! 

 

Арман Сқабылұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>