Түркістан қаласында Қазақстандығы татулық пен келісім бойынша семинар өтіп жатыр

06 Октябрь, 2017960


Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік үш күндік семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды arasha.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бірқатар министрліктердің, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ғалымдар, республикалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, облыстық басқармалар мен ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері және жастар қатысуда.

Семинардың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті Бахытжан Мұхамеджанов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков қатысып, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық біргейлікті сақтаудың маңыздылығын сөз етті.

Жиында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ атынан университет кітапханасына бірқатар кітаптар тарту етілді.

4-6 қазан күндері аралағыныда өтетін семинарда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары Е.Абулхатин, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы Қ.Жахин, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері Т.Мармонтова, Ж.Үсіпбекова, А.Нұрлан, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.к. Қ.Даркенов және т.б ғалымдар мен қоғам белсенділері «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша дәріс оқыды.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>