Алматыдағы Фурманов көшесін Алаш атына беру тарихи әділеттілік

09 Октябрь, 20172430


... Фурмановты Алаш атына беру тарихи әділеттілік. Оның үстіне биыл Алаш автономиясының құрылғанына 100 жыл толады.

Бұл бүгінгі күннің бағытымен де үйлеседі. Мысалы, үтір-нүктесіне дейін бөлек-бөлек бастама болып көтеріліп жатқан президент Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» делініпті. Ал Алаш дегеніңіз – ұлттық кодтың дәл өзі. Фурманов көшесін Алаш деп атаса нағыз жаңғырудың көкесі сол болады. Әйтпесе атышулы мақала іске аспаған кезекті құрғақ сөз болып қала береді.

Өткенде «Жас Алашта» жарық көрген саясаттанушы Айдос Сарымның «Ономастикалық саясат туралы бірер сөз» атты мақаласында айтылған ойлар да Фурмановты Алаш атына ауыстыруға үндес. Мақалада автор: «Ономастика – тарихи сананы қалыптастырып, оны бірегейлендіретін саяси құрал. Көше атауы – елдің идеологиясын, тарихи бағытын, арман-мұратын айқындайтын дүние», – дейді. Ал Алаш тарихи санамыз, елдің идеологиялық негізі, тірегі, тарихи бағыты екенін ешкім жоққа шығармас. Демек, Фурманов көшесіне Алаш атауын беру қай тұрғыдан алсақ та оңынан келіп тұр.

 

"Жас Алаш" газетінде жарияланған "Фурманов Алашқа айнала ма, әлде Базарбековтің арманы орындала ма?" мақаласынан үзінді

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>