Қазақстан кейбір заңнамаларына мемлекеттік қызмет туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы

21 Ақпан, 20121200357


Жоба

 

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы
№ 2529 Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 10, 342-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 жыл, № 12 (2493) мамыр, 83-құжат);

1) 39-бапта 4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Егер Қазақстан Республикасы Заңдарымен өзгеше көзделмесе, Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты, Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған және оның депутаттары жаңа құрамының сайлануы жағдайында Сенат пен Мәжілістің аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысы  тоқтатылмайды.».

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне:

 (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат;
№ 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85,
86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; №  23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28,
33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат;  № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139,
140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар;
№ 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21,
97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7,
21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28,
32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат;
№ 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат;
2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда  «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
2011 жылғы
15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2011 жылғы
3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мынадай мазмұндағы 388-1 және 388-2 баптармен толықтырылсын:

«388-1-бап. Мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін жұмысқа орналасу жөніндегі шектеулерді сақтамау

1. Адам мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін,  оның Қазақстан Республикасының еңбек  заңнамасында көзделген коммерциялық ұйымдарға жұмысқа орналасу жөніндегі шектеулерді сақтамауы-

адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттерді, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау,-

адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейінгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

388-2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу

1. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайлардан бөлек, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына адамдарды конкурссыз тағайындау,-

мемлекеттік органдардың басшыларына, жауапты хатшыларына, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды тағайындауға және босатуға құқығы бар өзге де лауазымды адамдарға, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкерлеріне айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттерді, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау,-

 мемлекеттік органдардың басшыларына, жауапты хатшыларына, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды тағайындауға және босатуға құқығы бар өзге де лауазымды адамдарға, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкерлеріне айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейінгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық рәсімдерді бұзу –

мемлекеттік органдардың басшыларына, жауапты хатшыларына, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды тағайындауға және босатуға құқығы бар өзге де лауазымды адамдарға, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкерлеріне айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тәртіптік жазаларға тарту рәсімін бұзу-

мемлекеттік органдардың басшыларына, жауапты хатшыларына, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды тағайындауға және босатуға құқығы бар өзге де лауазымды адамдарға, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкерлеріне айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Сот шешімімен анықталған, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қызметінен заңсыз босатқаны үшін -

мемлекеттік органдардың басшыларына, жауапты хатшыларына, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды тағайындауға және босатуға құқығы бар өзге де лауазымды адамдарға, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкерлеріне айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартары мен регламенттерін бұзу-

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін бұзған мемлекеттік қызметшіге айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Мемлекеттік органның лауазымды адамдарымен, осы мемлекеттік органда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық және өзге де заңнаманың бұзушылықтары, оларды осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы өтініштері бойынша шаралар қабылдамау-

мемлекеттік органдардың басшыларына, жауапты хатшыларға, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды тағайындауға және босатуға құқығы бар өзге де лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Мемлекеттік органның лауазымды адамдарымен, осы мемлекеттік органда жұмыс істейтін және сыбайлас жемқорлық және өзге де заңнаманың бұзушылықтары, осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні қорғау жөніндегі шараларды қабылдамау-

мемлекеттік органдардың басшыларына, жауапты хатшыларға, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды тағайындауға және босатуға құқығы бар өзге де лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 

2) 541-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде)», 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11, 147-12, 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158,  158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 168-3, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші-алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 222-226, 228-229, 230-1, 230-2, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 306-3 (екінші және үшінші бөліктерінде), 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 380 (екінші бөлігінде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 388-1, 388-2, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 394-1, 396 (төртінші бөлiгінде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513-518, 520-537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;

3) 636-бапта:

1-тармақта:

1) тармақшаның елу төртінші абзацы мындай редакцияда жазылсын:

«мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (87-2, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 388-1-баптар);»;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның уәкiлеттi қызметкерлерi (388-2-бап).».

3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9,
65-құжат;  № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17,
82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат;
№ 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін ол адамға бір жыл бойы мемлекеттік ұйымдарды, мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдарды, жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берiлген ұйымдарды, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарын қоспағанда, коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуға, егер мемлекеттік қызметті тоқтатар алдындағы соңғы жылда мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде аталған адам өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі өзінің құзыретіне сәйкес аталған адаммен тікелей байланысты болса, жол берілмейді.».

4. Қазақстан Республикасының  2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар;             2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 7-бапта:

1-тармақтың 16) тармақшасы  алып тасталсын.

5. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж.,
№ 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9,
67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11 (2588), 102-құжат):

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) «А» корпусы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар тобы;

2) ауысу – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшіні бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға бір мезгілде оны атқарып отырған лауазымынан босата отырып, тағайындау рәсімі;

3) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға, оның кәсiптiк даярлығының деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк лауазымға сәйкес келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар;

4) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын немесе мемлекеттiк органдарда ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

5) лауазымдық өкiлеттiк – мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiн нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген құқықтар мен мiндеттер;

6) мансаптық жоспарлау – мемлекеттік қызметшінің кәсіби дамуының кезеңдерін айқындау процесі;

7) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының санаты – мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн сыныптамалық сипаттамасы;

8) мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резерві – бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміттенген Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түзілген жүйелі тізімі;

9) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүдделерді қорғау жөніндегі өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақты негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;

10) мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi атқару жөнiндегi мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметi;

11) мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;

12) мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік органдардың актілеріне сәйкес белгiленген және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға негізделген мемлекеттік қызметшілердің тәртібінің ережесі;

13) мемлекеттiк лауазым – нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер мен лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген мемлекеттiк органның құрылымдық бiрлiгi;

14) мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi;

15) мүдделер қақтығысы – мемлекеттiк қызметшiнiң жеке басының мүддесі өзінің лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқармауына мүмкіндік туғызатын, мемлекеттiк қызметшiнiң жеке басының мүддесі мен оның лауазымдық өкiлеттiктерi арасындағы қайшылық;

16) тағылымдама – мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың басқа мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қызмет ету кезеңінде кәсіби білімдер мен тәжірибе алуы;

17) уақытша бос мемлекеттік лауазым – осы лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік демалыста болуына,
сондай-ақ аурудың салдарынан, егер оның ауруы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлеріне енген болса, оның жұмыс орнында болмауына байланысты уақытша бос мемлекеттік лауазым.»;

2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Осы заңның қолданылуы

1. Осы Заң барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заң актiлерiнде олар үшiн өзгедей құқықтық мәртебе белгiленген жағдайлар қосылмайды.  Осы Заң сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне іріктеуге қатысатын, мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервінде тұрған, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін конкурстық іріктеуге қатысатын, мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасы атынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жолданған Қазақстан Республикасының азаматтарына және осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті тоқтатқан адамдарға қолданылады.

2. Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiге жатпайды.

3) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, мемлекеттiк қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, оған мыналар:

1) мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

2) мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

3) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту;

4) «А» корпусы лауазымдарына біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

5) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына бiлiктiлiк талаптарын келісу және бекіту тәртібін әзiрлеу және айқындау;

6) мемлекеттік қызмет персоналы жөнiндегi республикалық дерекқорды қалыптастыруды, оның ішінде бірыңғай автоматтандырылған дерекқорды қоса алғанда, мемлекеттік қызметтің кадр құрамының жай-күйіне және мемлекеттік лауазымдарға мониторинг жүргізу;

7) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының Тiзбесiн әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;

8) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерді даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн, оның iшiнде шетелдерде де арттыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;

9) мемлекеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiру;

10) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ережесін әзірлеу;

11) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жөніндегі білім беру бағдарламаларына келісім беру, осы бағдарламаларға келісім беру тәртібін белгілеу;

12) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн берiлген тәртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып тастауға келiсiм беру;

13) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

14) мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

15) мемлекеттік қызметшілермен қызмет этикасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

16) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;

17) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үлгілік конкурстық рәсімдерді әзірлеу және бекіту;

18) тестілеуді өткізу ережесін және тестілеу бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

19) конкурс комиссиясы туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

20) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін ротациялауды өткізу ережесін әзірлеу;

21) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу және бекіту тәртібін белгілеу;

22) кадр резерві туралы ережені әзірлеу;

23) мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервін қалыптастыру;

24) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау және аттестациялауды өткізу тәртібінің ережелерін әзірлеу;

25) мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы ережені әзірлеу;

26) сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмыстан босатуға келісім беру;

27) тәлімгерлерді бекіту тәртібін айқындау;

28) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереже әзірлеу;

29) кадр жұмысы аясында іс-жүргізу жөнінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

30) мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеті мен шешіміне жасалған шағымдарын қарау;

31) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгіну;

32) мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу;

33) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жүктеледі.»;

4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«6-бап. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)

1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасының орындалуын үйлестіреді және сақталуына бақылау жасайды;

2) тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;

3) аттестациялау мен конкурстық іріктеуді өткізу, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту, қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

4) кадрларды іріктеуге және жоғарлатуға қатысады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты шешімдерін ресімдейді;

5) мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды;

6) тағылымдаманы, тәлімгерлікті, мемлекеттік қызметшілерді оқытуды, қайта даярлауды (қайта мамандандыруды) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

7) мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің, бағалау, аттестациялау және оқуды өткеру нәтижелері туралы мәліметтерінің есебін жүргізеді;

8) заңдарда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық тұрғыда тәуелсіз, жауапты хатшыға және аппарат басшысына, ал жауапты хатшы мен аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда - мемлекеттік органның басшысына бағынады және есеп береді.

3. Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметі) құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.

Орталық мемлекеттік органдардың аудандық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметі) құруға жол беріледі. Аудандық аумақтық бөлімшелердің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.

4. Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;

5) 7-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының Тізілімі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленбейді.»;

3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

6) 8-бапта:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) өзі атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген өзге де негiздерге байланысты ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«8-1) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі және біліктілігін арттыруға;

8-2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік тапсырыс аясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға жолдаған жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) сiңiрген еңбегi, бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;»;

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың дәйекті жағдайлары туралы, өзі қызмет атқарып жүрген мемлекеттік орган басшылығына немесе құқық қорғау органдарына хабарлаған жағдайда қорғалуға және жасырын қалуға;»; 

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк органдардың қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.»;

7) 9-бапта:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) мемлекеттік әкімшілік лауазымда лауазымдық өкілеттіктерін іске асыру кезінде саяси партиялардың, діни және өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз және әділ болуға;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) қызметтік этика нормаларын сақтауға;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға;»;

мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:

«12-2) өздерінің әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылуы туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына жеткізуге;»;

мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) мемлекеттік тапсырыс аясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін, осы оқуға жолдаған мемлекеттік органда, сондай-ақ мемлекеттік қызметте Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жұмыс атқаруға.»;

 2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызметтік нұсқаулықтарды мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi, ол осы өкiлеттiктердi жауапты хатшыға, аппарат басшысына, мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына беруге құқылы.»;

мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

«3. Мемлекеттік қызметші, басқа адамдардың оны сыбайлас жемқорлық және өзге де бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы, өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығына дереу хабарлауға міндетті.

Мемлекеттік қызметшінің осы міндетті орындамауы, оны тәртіптік жауапкершілікке, ал заңдармен көзделген жағдайларда өзге де жауапкершілік түрлеріне тартуға әкеп соғатын бұзушылық болып табылады.

 Мемлекеттік орган басшылығы, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық және өзге де заңнаманың бұзушылықтары, оларды осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы өтініштері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және құқық қорғау органдарына жүгіну жолымен де, шараларды қабылдауға міндетті.

4. Мемлекеттік орган басшылығы, сыбайлас жемқорлық және өзге де заңнаманың бұзушылықтары, осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні, оның құқықтарына, заңды мүдделеріне және қызметін одан әрі жалғастыруға теріс ықпал ететін қудалаудан қорғау жөніндегі шаралар қабылдауға міндетті.»;

8) 10-бапта:

2- тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзінің меншігіндегі үлесті (акциялар пакеттерін) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызмет өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады. Мемлекеттiк қызметшi мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн нотариат куәландырған күнiнен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) бередi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;

4-тармақта:

6) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

 «7-1) қасақана ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар;»;

9) 12-бапта:

атауы және мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

«12-бап. Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне қабылданған азаматтар бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуге қатысуға құқылы.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне конкурстық іріктеуге қатысады.

3. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіру Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіпте жүзеге асырылады.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіретін адамдар Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіпте уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

4. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының көмекшілері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған азаматтардың ішінен конкурстық рәсімдерді өткізбестен орналастыруға жол беріледі.

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының көмекшілері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасудың тәртібі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін Мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібі туралы ережемен реттеледі.

5. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, әлеуметтiк шығу тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi.

6. Осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.»;

9) 13-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттiк әкімшілік қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;

2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;

3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге;

4) мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервінде тұруға тиiс.»;

3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу мiндеттi арнайы тексерудің оң нәтижелерін алғаннан кейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттік орган азаматтарды әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, олардың мiндеттi арнайы тексеруден өткенi туралы нәтижелердi алған күнiне дейiн, жұмысқа қабылдауға құқылы. Бұл адамдармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi. Еңбек шарттары арнайы тексеруден өткізу кезеңіне жасалады.

Арнайы тексеру өткізу кезеңінде бұл адамдарға осы Заңның мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауапкершіліктері, мемлекеттік қызметте болуымен байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелер қолданылады. Бұл адамдардың құқықтары еңбек шартымен айқындалады.

4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Президентiмен айқындалады.

5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік орган құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттарын, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жүзеге асыратын лауазымдық құзыреттерін ескере отырып, лауазым санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді.»;

11) 14-бапта:

атауы және мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

«14-бап. Мемлекеттiк әкiмшілiк қызметтің кадр резервіне іріктеу

1. Азаматтарды мемлекеттiк әкiмшілiк қызметтің кадр резервіне алу іріктеудің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне іріктеуді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері өткізеді.

2. Орталық мемлекеттік органдар, ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелері үшін кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландырулар бір мезгілде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның интеренет-ресурсында жарияланады.

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландырулар бір мезгілде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның интеренет-ресурсында жарияланады.

3. Іріктеудің оң нәтижесін алған азамат, оның келісімі бойынша кадр резервіне есепке алынады.

4. Кадр резервiн қалыптастыру және  жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекітетін Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережемен реттеледі.»;

12) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

«14-1-бап. Бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға арналған конкурс

1. Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурсты мемлекеттік орган, персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметi) ашық тәсілмен өткізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен конкурсты уәкілетті орган өткізеді.

Ашық конкурсқа мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервінде тұрған азаматтардың қатысуына құқығы бар.

2. Конкурс орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде өткізілген кезде хабарландырулар бір мезгілде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және орталық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жарияланады.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда өткізілетін конкурстар туралы хабарландырулар бір мезгілде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың интернет-ресурстарында жарияланады.

Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметi) құрылған жағдайда, хабарландырулар ол құрылымына кіретін мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.

3. Егер конкурс уақытш бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілетін болса, онда аталған шарт конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.

4. Конкурсты өткізудің және конкурстық комиссияны жасақтаудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

5. Аудандарда, қалаларда, облыстарда әкімшілік-аумақтық бірліктердің тиісті бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдары үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Аудандардағы, қалалардағы, облыстардағы жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.

Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның облыстық немесе өңіраралық бөлімшелерінде бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелерінің бірыңғай конкурстық комиссиясы орталық мемлекеттік органның облыстық немесе өңіраралық бөлімшесі басшысының шешімімен не жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.

6. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға құқығы бар.

7. Тағайындауға құқығы бар адам жарияланған лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте мемлекеттiк қызметке кiру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар сақталуға тиiс.

8. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

9. Конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы, персоналды басқару қызметі (кадр қызметi) конкурстық рәсімдерді және конкурстық іріктеудің әділдігін бұзғаны үшін, тестілеу тапсырмалары мен өзге конкурстық сұрақтардың мазмұны туралы мәліметтерді жария еткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.»;

13) 15-бапта:

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға алғаш қабылданған адамдарға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тәжірибелі мемлекеттік қызметшілердің қатарынан тәлімгерлер бекітіледі.»;

14) мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2- баптармен толықтырылсын:

«15-1-бап. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасу

1. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу, мемлекеттік қызметші қойылған біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және өзiнiң келiсiмiмен, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің мінездемесі, сіңірген енбегі мен қызметін бағалау нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының көмекшілері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасқан адамдар бір жылдың ішінде басқа мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен тағайындала алмайды.

2. Ауысу заңды тұлға болып табылатын мемлекеттік органның ішінде жүзеге асырылады. Басқа мемлекеттік органдарға ауысуға Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған жағдайларда жол беріледі.

Ауысуды өткізудің тәртібі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережемен реттеледi.

3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда, ауыстыру тәртiбiмен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуына жол берiлмейдi.

15-2-бап. Еңбек шарты

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының көмекшілері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына адамдарды тағайындау кезінде олармен Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының өкілеттіктері мерзіміне еңбек шарттары жасалады.

«А» корпусындағы және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына адамдарды тағайындау кезінде олармен белгіленген бір мерзімге еңбек шарттары жасалады.

Еңбек шартында тараптардың құқықтары мен міндеттері, лауазымда болу мерзімдері, мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген өзге де шарттар белгіленеді.

Еңбек шартын жасаудың, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізудің тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.»;

15) 16-бапта:

атауы және мәтіні келесі редакцияда жазылсын:

«16-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi  аттестаттау және олардың қызметін бағалау

1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау олардың жұмыстарының тиімділігін және сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

Мемлекеттік органда бағалауды өткізу жұмыстарын үйлестіруді персоналды басқару қызметі (кадр қызметi) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жыл сайынғы бағалаудың нәтижелері сыйақы беруге, лауазымдық жалақыға үстемеақы белгілеуге, көтермелеуге, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға, мансаптық жоспарлауға және ротацияға негіз болады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді бағалаудың үш жылдық нәтижелері оларды аттестациядан өткізу жөнінде шешім қабылдауға негіз болады.

3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау, олардың кәсiби даярлығы мен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті деңгейін айқындау жөніндегі рәсім болып табылады.

Аттестациялауға мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді бағалаудың үш жылдық нәтижелері бойынша олардың қызметі қанағаттанарлықсыз деп танылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жатады.

Аттестация өзіне тестілеу және әңгімелесу кезеңдерін қамтиды. Мемлекеттiк органдарда кемiнде жиырма жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлер тестiлеуге жатпайды.

4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер аттестациялық комиссия отырысына себепсіз қатыспаған жағдайда лауазымынан төмендетілуге немесе қызметінен босатылуға жатады.

Аттестацияның теріс нәтижелерін алған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымынан төмендетілуге немесе қызметінен босатылуға жатады.

Лауазымынан төмендету төмен тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымы бос болған жағдайда және мемлекеттік әкімшілік қызметші осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда жүзеге асырылады.

Қайта аттестациялануға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қайта аттестациялаудан өтпестен, басқа лауазымдарға ауысу тәртібімен тағайындала алмайды.

5. Аудандарда, қалаларда, облыстарда әкімшілік-аумақтық бірліктердің тиісті бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдары үшін бірыңғай аттестациялық комиссия құруға жол беріледі. Аудандардағы, қалалардағы, облыстардағы жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірыңғай аттестациялық комиссиясы, осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.

Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның облыстық немесе өңіраралық бөлімшелерінде бірыңғай аттестациялық комиссия құруға жол беріледі. Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелерінің бірыңғай аттестациялық комиссиясы, орталық мемлекеттік органның облыстық немесе өңіраралық бөлімшесі басшысының шешімімен не жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.

6. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi  аттестаттауды және олардың қызметіне бағалауды жүргізудің тәртібі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентiмен бекiтіледi.»;

16) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«18-1 бап. Ротация

Мемлекеттiк қызметте мансаптық жоспарлау шеңберінде «А» корпусындағы мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлердi ротациялау жүзеге асырылады. Ротациялау кезінде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің келісімі талап етіледі.

Ротациялаудың тәртiбi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiмен айқындалады.»;

17) 18-2 бапта:

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5.Мемлекеттік қызметті тоқтатқан азаматтар мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін коммерциялық ұйымдарға жұмысқа тұрмау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.»;

18) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«19-бап. Мемлекеттік қызметті өткерудің өзге мәселелері

1. Мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізу уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті өткерудің осы Заңмен реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережемен және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен реттеледi.»;

19) 20-бап алып тасталсын;

20) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн, сондай-ақ,олардың қызметін бағалаудың нәтижелері бойынша:

1) бiржолғы ақшалай сыйақы беру;

2) алғыс жариялау;

3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

4) алғысхатпен марапаттау;

5) ведомстволық наградамен және ерекше омырау белгімен марапаттау;

6) тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы жасағаны үшін алған жазаларды қоспағанда;

7) сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеудiң өзге де нысандары арқылы көтермеленуi мүмкiн.»;

21) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік орган таратылған жағдайда мемлекеттік органдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.

Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге жаңадан құрылған мемлекеттік органда өздерінің біліктілігіне сай жұмыс ұсынылады.

Мемлекеттік органның функциялары мен өкілеттіктерін және штаттық бірліктерін басқа мемлекеттік органға берген жағдайда, осы функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырған және штаттық бірліктерінде отырған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге басқа мемлекеттік органда өздерінің біліктілігіне сай жұмыс ұсынылады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады. Бұл орайда мемлекеттік органдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.»;

Мемлекеттік органның штаттық саны қысқарған жағдайда мемлекеттік органдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.»;

22) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

«25-1-бап. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға мемлекеттік органдардан жұмысқа жолданған азаматтарды қамсыздандыру

Мемлекеттік қызметшілер қатарынан Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға мемлекеттік органдармен жұмысқа жолданған және осыған байланысты мемлекеттік қызметті тоқтатқан азаматтар, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақшалай қаражатпен, әлеуметтік, зейнеткерлік және медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде тиісті шетел мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің персоналына теңестіріледі.

Көрсетілген азаматтарды шетелдік мекемелердің персоналына теңестіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдар үшін Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамасымен дипломатиялық қызметі көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

23) 26-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Мемлекеттік саяси қызметшілер, өзіне бағынысты басшы лауазымдардағы адамдар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған жағдайда отставкаға шығу жөнінде өтініш береді.»;

4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«4. Лауазымдық өкiлеттiгiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуы үшiн негiз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшiн негiз болады.

мындай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:

«4.2. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.»;

5-тармақ алып тасталсын;

24) 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік органның басшылығы ауысқанда жаңа тағайындалған басшылықтың бастамасы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуына жол берілмейді.»;

25) 28-бапта:

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, терiс себептермен жұмыстан босатуға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен жұмыстан босатқаны, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін сақтамағаны үшін, сондай-ақ осы Заңда белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тәртiптiк жазалар:

1) ескерту;

2) сөгiс;

3) қатаң сөгiс;

4) қызметіне сәйкес еместiгi туралы ескерту;

5) лауазымын төмендету;

6) атқарып отырған лауазымынан босату қолданылуы мүмкiн.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Аудандарда, қалаларда, облыстарда әкімшілік-аумақтық бірліктердің тиісті бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдары үшін бірыңғай тәртіптік комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандардағы, қалалардағы, облыстардағы жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірыңғай тәртіптік комиссиясы, осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.

Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның облыстық немесе аймақаралық бөлімшелерінде бірыңғай тәртіптік комиссиясын құруға жол беріледі. Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелерінің бірыңғай тәртіптік комиссиясы, орталық мемлекеттік органның облыстық немесе аймақаралық бөлімшесі басшысының шешімімен не жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.»;

26) мынадай мазмұндағы 28-2-баппен толықтырылсын:

«28-2-бап. Басшылар мен өзге лауазымды адамдардың жауапкершілігі

Мемлекеттік органдардың басшылары, жауапты хатшылар, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды тағайындауға және босатуға құқығы бар өзге де лауазымды адамдар, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкерлері:

1) осы Заңда көзделген жағдайлардан бөлек, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына адамдарды конкурссыз тағайындағаны;

2) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің тәртібін бұзғаны;

3) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тәртіптік жазаларға тарту тәртібін бұзғаны;

4) сот шешімімен анықталған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қызметінен заңсыз босатқаны үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік органдардың басшылары, жауапты хатшылар, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды тағайындауға және босатуға құқығы бар өзге де лауазымды адамдар, сондай-ақ:

1) сыбайлас жемқорлық және өзге де заңнамалардың бұзушылықтары, мемлекеттік қызметшілерді осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жөніндегі дәйекті жағдайларды хабарлаған мемлекеттік қызметшілердің өтініштері бойынша шараларды қабылдамағаны;

2) сыбайлас жемқорлық және өзге де заңнамалардың бұзушылықтары, мемлекеттік қызметшілерді осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жөніндегі дәйекті жағдайларды хабарлаған мемлекеттік қызметшілерді қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылады.».

6. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы»
2002 жылғы 7 наурыздағы № 299 Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №5, 51-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №9, 49-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; 2010 ж., №24 (2577), 143-құжат):

1) 32-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Осы баптың ережелері, Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жолданған және осыған байланысты мемлекеттік қызметті тоқтатқан азаматтарға қолданылады.».

7. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20,
151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5,
23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; №11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы
29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 6-бабында:

2-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«22) білім беруді облыстық басқару органының  бірінші басшысын тағайындайды;»;

3-тармағының 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«25) білім беруді басқару органының бірінші басшыларын тағайындайды;»;

4-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19) аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындайды;».

2-бап. Оы Заң 2013 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>