1 маусымнан бастап Қазақстан қалалары арасында блок-бекеттер алынып тасталады.
1 маусымнан бастап Қазақстан қалалары арасында блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап Қазақстан қалалары арасында блок-бекеттер алынып тасталады деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік Комитеті төраға орынбасары Жәнібек Тайжанов.

“Ведомствоаралық коммисияның шешімі бойынша 1 маусымнан бастап Қазақстан қалалары арасында блок-бекеттер алынып тасталады тасымалдау 5 маусымнан бастап қалпына келтіріледі. Жолаушыларды автобустармен тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы қаулысының талаптарын ескере отырып әзірленген, олар маршруттың соңғы пункттерінде автобустарға дезинфекция жүргізу бойынша, жолаушылардың салондарына тек бетперде киюге рұқсат беру бойынша шараларды көздейді”, -деді Жәнібек Тайжанов астанада өткен брифингте.

Ал жолаушылар пойыздері үш кезең бойынша іске қосылады:

1)1 маусымнан бастап пойыздардың 54 жұбы қатынайды (ішкі маршруттарды жаңарту 50 пайыз).

2)10 маусымнан бастап пойыздардың 39 жұбы қатынайды.

3)Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге шектеулер алынып тасталуына қарай поездардың 15 жұбы қатынайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk