ІІМ: полиция “Бессмертный полк” шеруінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

95

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі 6-9 мамыр күндері қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін хабарлады. 6-9 мамыр аралығында ішкі істер министрлігінің жеке құрамы күшейтілген қызметке көшеді. Көшеде және қоғамдық орындарда полиция күштерінің бақылауы күшейіп, мерекелік іс-шаралар мен халық серуені болатын орындар басты назарға алынады.

“Ел аумағындағы қалаларда «Мәңгілік Даңқ – Бессмертный полк» шеруі өтуіне орай полиция қызметкерлері шерудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. ІІМ шеру кезінде кептеліс және жол апаты болмас үшін көлік жүргізушілеріне жүретін бағыттарын алдына ала айқындап алуға шақырады. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзып, мәдени көпшілік іс-шараны өткізуге кедергі жасауға полиция ҚР заңдарына сәйкес жедел шара қолданатынын хабарлайды” делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ескерту: Жоғарыдағы ІІМ-нің facebook-тегі таратқан хабарламасы орыс тілінде жарияланған. Мемлекеттік тілде мүлдем жоқ.