Өзбекстанда баласына президенттің атын қойған отбасы сыйлық алды

550
AP Photo / Anvar Ilyasov / Pool
AP Photo / Anvar Ilyasov / Pool

Өзбекстанның Ферғана қаласында тұратын Исломжон мен Дилоромхон Исраиловтар 1 мамырда туған үшеміне Шавкатжон, Зироатхон және Саидахон деген ат қойды. Отбасы үшемге мұндай аттарды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен әйелі Зироатхон және президенттің үлкен қызы Саиданың құрметіне қойған, деп жазады Азаттық.

Мұнан соң үшемнің ата-анасы Мирзияевтің атынан Cobalt көлігін, үш балалар арбасы мен басқа да сыйлықтар алған.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, ата-аналардың үшемдерге Шавкат Мирзеев әулетінің аттарын беруі алғаш емес. Көп жағдайда ата-аналарға сыйлық ретінде көлік беріледі.

Өзбек қызметінің поштасына үшемінің атын президенттің құрметіне қойса да, сыйлық алмағанын айтқан хаттар келе бастаған.

“Бұхар облысындағы Жандар ауданында тұратын әпкем бәрі ұл үшем туып, оларға президенттің құрметіне Шавкат, Миромон және Мирзия деген ат қойды. БАҚ-тан мұндай отбасыларға биліктің Cobalt көлігін сыйлап жатқанын жиі оқимыз. Мұндай сыйлықты таяуда Шафиркан ауданында тұратын бір отбасы алды. Бірақ менің әпкем мұндай көлік алған жоқ. Әңгіме көлікте емес. Билік үшемдердің бәріне теңдей қарай қарауы керек!” деп жазады үшем туған отбасының туысы.

Дереккөз: Азаттық