Тоқаев митинг өткізуге қатысты ескерту жасады

262

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда адамдардың жиналуы рұқсатпен болуы шарт екенін еске салды. Бұл туралы Arasha.kz агенттігі президент баспасөз хатшысының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Менің түсінігімдегі әділеттік – заңның салтанат құруы. Мемлекеттік шенеуніктер де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, барлығы да заңға бағынуы керек. Сондай-ақ, заңды еліміздің азаматтары да сақтауы қажет. Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айту да, заң аясында болуы тиіс. Егер адамдардың жиналуына қатысты айтар болсақ, ол да рұқсатпен болуы шарт. Сондықтан, мен біздің елде заңдардың сақталатынын қатаң ескертемін”, делінген астына Қасым-Жомарт Тоқаев деп жазылған мәтінде.