АҚШ Ресей мұнайының импортына тыйым салды.

9 наурыз, 2022 / Arasha.kz

АҚШ Ресейдің мұнай, көмір, сұйытылған газ импортына бүгін тыйым салды. Бұл туралы АҚШ президенті Байден мәлімдеді. Англия да жыл соңына дейін Ресей мұнайына тыйым салатынын хабарлады.

Қазақстан мұнайы экспортының 90% Ресей арқылы өтеді. Біздің ел экономикасының негізгі кіріс көзі — мұнай саудасы. АҚШ-тың Ресей мұнайы импортына тыйым салуы Қазақстанға да әсер етеді.

Бұған дейін Ресей санкция салған елдердің көшін бастаған еді.