Ахметов Семейдегі көпбалалы отбасыларға жалға берілетін пәтерлерді сыйға тартты.
Ахметов Семейдегі көпбалалы отбасыларға жалға берілетін пәтерлерді сыйға тартты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейдегі Қарағайлы ауданынан көп балалы отбасыларға пәтер кілтін табыстады, деп жазады жергілікті altaynews.kz. Көп балалы аналарға берілген пәтерлер сатып алу құқығынсыз берілетін, аз төлемақысы бар үйлер. Осындай сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлерді көп балалы отбасыларға табыстаған облыс әкімі:

– Біз Елбасы тапсырмасына орай алғашқы маңызды қадамдар жасадық. 200 отбасына пәтер кілттерін табыстадық, – депті.

29-сәуірде үкімет “Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына толықтыру енгізу туралы” қаулы шығарған. Үкіметтің арзан тұрғын үйге қатысты қатысты бағдарламасында: “2019 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы қайталама нарықтан баспананы сатып алуға рұқсат етіледі. Қайталама нарықтан тұрғын үйлерді облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сатып алуға жол берілмейді. Республикалық қаражаттан бір баспананы сатып алу құнының 8,4 млн теңгеден аспайтын көлемі өтеледі. Баспананың құны осы мөлшерден асса, шығыстар жергілікті бюджет есебінен өтеледі” делінген.

Ақпан айының басында Астанада үй өртеніп, бес бала қаза болды. Содан бастап, көп балалы аналар үкіметке жәрдемақыны көтеру, тұрғын үй мәселесін шешу талабын қоя бастады. Кейін үкімет ауысты. Жаңа үкімет 1-мамырдан бастап, көп балалы отбасыларға пәтер беріле бастайды деп хабарлаған. Семейдегі берілген пәтерлер сол үкімет бағдарламасы аясындағы сатып алу құқығынсыз жалға беріліп жатқан үйлер. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.