ОҚО-ға ресми сапары аясында премьер-министр Б.Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 56 мың тұрғынға шақталып салынып жатқан Shymkent Сity тұрғын алабын аралап көрді.

Үкімет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында барды.

Shymkent Сity 420 га-дан астам аумаққа салынып жатыр. 2025 жылға дейін мұнда 324 көп қабатты үй, мектептер мен балабақшалар салынады деп жоспарлануда.

2018 жылы облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлығы 8000 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырғанын атап өткен жөн. Қазіргі кезде аймақта 277 көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Билік өкілдері жыл соңына дейін тағы 130 тұрғын үйді пайдалануға берілетінін уәде етті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысына ресми сапары барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жоспардағы бағдарламадан тыс, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде болды.

Халықаралық бақылау-өткізу бекеті Өзбекстанмен шекарада Жібек жолы кентінде орналасқан. Мұнда екі бағытта шекарадан өтетін адамдар мен көлік құралдарының шекаралық бақылауы жүзеге асырылады.

Дереккөз: bnews.kz