13-05-19 | 16:34
Мәулен Әшімбаев “нұрботтардың” бар екенін мойындады.
Мәулен Әшімбаев “нұрботтардың” бар екенін мойындады

Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының ашылуында Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев журналистерге “нұрботтардың” бар екенін мойындады. Бірақ ондай әдістерді қолдамайтынын жеткізді, деп хабарлады Total.kz.
“Қазақстанда ғана емес, барлық жерде саяси партиялар әлеуметтік желідегі жүргізілетін жұмыстарына үлкен мән береді. Бірақ біздің нақты өз ұстанымымыз бар, сіз айтып отырған әдістерді (“нұрботтар” – Total.kz ескертуі) біз қолдамаймыз. Біз өзіміздің партия мүшелерінің әлеуметтік желіде өз атымен ғана жазып, өз атымен белсенді болғанын құптаймыз”, – деп түсіндірді Әшімбаев.
Оның сөзінше, биыл Қазақстандағы сайлауда тұңғыш рет әлеуметтік желідегі жұмыстарға ерекше мән берілмек.
“Әлеуметтік желілер маңызды рөлге ие болып отыр. Тұңғыш рет Қазақстандағы сайлауда әлеуметтік желілер осындай үлкен рөлге ие болды. Бұл бүгінгі күннің тренді, біз әлеуметтік желілерге үлкен мән беретін боламыз”, – деп қосты Nur Otan төрағасының орынбасары.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.