Трамптың Назарбаевқа жазған хаты жарияланды

127
Фото: Қазастан президентінің баспасөз қызметінен
Фото: Қазастан президентінің баспасөз қызметінен

АҚШ президенті Дональд Трамптың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хаты жарияланды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.

 

«Құрметті, президент мырза

Сізді еліңіздің осы бір тарихи кезеңімен құттықтаймын. Отыз жылға жуық басқарудан кейін сіз ұзақ әрі жемісті жол қалдырдыңыз. Мен конституциялық транзит рәсімдерін орындау туралы шешіміңізді құптаймын.

Елбасының өткен жылы Ақ үйге жасаған сапарын АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды қадамы болды. Біз екіжақты қарым-қатынасымызда үлкен табыстарға қол жеткіздік. Мен американдық бизнесі мен Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық кеңейіп келе жатқанына қуаныштымын»,- деп жазылған хатта.

Сонымен қатар Трамп Назарбевтың қолдауы мен оның президент ретінде бірігіп атқарған жұмыстарын жоғары бағалайтындығын жазған. «Президент Тоқаевпен де дәл осындай тығыз қарым-қатынасты асыға күтемін»,- деліген АҚШ президентінің хатында.