Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған қаражат пен активтерді қайтаруды тапсырды.

8 ақпан, 2022 / Arasha.kz

Президент Тоқаев екі ай ішінде үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақша мен активтерді қайтаруға қатысты ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Бұған дейін баспасөзде Назарбаев отбасы мүшелерінің және оған жақын адамдардың оффшорда есеп-шоттары бары жайлы батыс ұйымдарының зерттеу есептерінде жарияланған болатын.