Казиноға барып аты шыққан Атырау облысы полиция департаментінің бастығына кәсіпкер ат мінгізді (видео)

587
фото: nehabar.com
фото: nehabar.com

7-мамыр қарсаңында президент Қ.Тоқаевтың атынан генерал-майор шенін алған Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаев Қызылқоға ауданындағы туған жерге барған сапарында оны салтанатпен күтіп алып, бір кәсіпкер ат мінгізген. Бұл туралы nehabar.com жазады.

видео Ербол Еділовтің телеграм каналынан алынды

Былтыры Атырау облысы полиция департаментінің басшысына ұқсайтын ер адамның казино ойнап жатқаны түсірілген видеоға тараған еді. 2014 жылы түсірілген делінген видео кең тарап, қоғамда дау-дамай тудырған. Кейін ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі: “Сол уақытта Атырау облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болған Дүйсембаев демалыс кезінде отбасымен, досымен бірге Минскіде болған. Оның досы танысының ойынханасына шақыртумен барған. Алайда оған әйелі қарсы болып, оны ойын ойнамауға көндіру үшін Дүйсембаевтан казиноға келуді өтінген, ойынханаға баруына осы жағдай себеп болған” деп ақпарат таратқан еді.