Солтүстік Қазақстанда 11 бала отырған автобус жанып кетті (видео)

326
Фото:qzmedia.kz
Фото:qzmedia.kz

14 мамыр күні сағат 17.10-да Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында Рощинск ауылының маңында “Газель”маркалы жолаушылар автобусы өртенді деп хабарлайды qzmedia.kz.

Көліктің маторынан түтін шыққандықтан жүргізуші автобусты тоқтатуға мәжбүр болған.

“Лада Веста” қызметтік машинасымен бірге жүрген облыстық полиция департаментінің автопатрульінің экипажы патрульдік полиция аға лейтенанты Жигер Балтабай мен полицияның аға сержанты Батырхан Молдажанов шұғыл түрде тоқтаған автобусқа көмекке келді. Шағын автобустан 11 бала эвакуацияланды. Полицейлер өрт сөндірушілерді шақырып, жанып жатқан “Газель” көлігін сөндіре бастады.