Шетелден әкелінген құрмадан қауіпті ішек инфекциялары табылды

10

«Абай болыңыздар, шетелден әкелінетін кептірілген құрмадан қауіпті ішек инфекциялары табылды. Одан бөлек, сауда орындарында жұмақ жемісінің бағасы да қымбаттаған. Оған не түрткі?  Жалпы Рамаз айында жұрт аса көп тұтынатын құрмадан қауіптенетіндей себеп бар ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Рамазан айы басталысымен  құрма саудасы қыза түсетіні белгілі. Тіпті бұған дейін 300-400 тг саудаланған жұмақ жемістің құны әп-сәтте шарықтаған. Мәселен, шетелден келгені кемі 5000 теңгеден саудалануда.
«Сол качествосына, негізгі сапасына қарайды. Басқа неге қарайды?  Бағалары әр түрлі. Өзіне қарай. Ең арзаны 100-150 теңге, ал шетелден келгендері 3500 мың теңге»,- дейді Сатушы  Нұрымбет Әшірбаев.
Қала тұрғындары да құрма бағасының шарықтап кеткенін растап отыр. Бұған дейін 400-500 тг сатылған жидек, қазір қымбаттаған.
Одан бөлек, соңғы  4 айдың ішінде құрмадан ішек таяқшалары табылған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді. Мәселен, соңғы тексеру нәтижесінде сауда орындарынан алынған құрмалардың 4 пайызынан  адам денсаулығына аса қауіпті микробтар анықталыпты.
«Тексеріс нәтижелері бойынша 18 пайызы талаптарға сай болмай шықты. +0202 Сәкес келмейтін өнімдердің басым бөлігі импорттық өнімдерге тиесілі. Талаптардың бұзушылықтары кеден одағының заң бұзушылықтары 85 пайызы анықталса, 4 пайызында қауіпсіздік көрсеткіштері, ішек таяқшалары анықтаушылықтар болды»,-дейді ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы Дана Қасқатаева.
Осылайша, мамандар құрманың сыртқы қорабын мұқият қарау керектігін айтады. Егер де оның шыққан күні, қолдану мерзімі жазылмаса мұндай өнімнен бас тартқан дұрыс, дейді.  Сонымен қатар, өзге елден импортталғандар көбіне санитарлық талаптарға сай келмейді екен. Бірақ, жұрт сақтық шараларын сақтайтындарын айтады.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізген  мониторинг нәтижесінде кінәлі тұлғаларға 27 миллион астам айыппұл салынған. Одан бөлек, сауда орындарынан талаптарға сәйкес келмейтін 4,5 мың тонна қауіпті тағам өнімдері, оның ішінде 9 келі құрма тәркіленген.