Тоқаев: Атырау облысы полиция департаменті басшысына қатаң шара қолданылады

606
фото: nehabar.com
фото: nehabar.com

Президент Қ.Тоқаев Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаевқа қатысты қатаң шара қолданылатынын айтып, ІІМ Ерлан Тұрғымбаевқа қызметтік тексеріс жасауды тапсырды.

Президенттің Атырау облысы полициясының басшысына қатысты бұлай деуін Аян Дүйсембаевтың туған жері Қызылқоға ауылына сапарлап барғанда кәсіпкердің ат мінгізіп, ауданда оны салтанатпен күтіп алғаны себеп болды. Оның үстіне Дүйсембаев былтыр Минскіде казинода құмар ойын ойнады-мыс деген дауға қалғаны бар.

Аян Дүйсембаев 7-мамыр күні Тоқаевтың қолынан генерал-майор шенін алған еді.