Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ақмола облысында браконьерлер қолынан қаза тапқан «Охотзоопром» инспекторы Қаныш Нұртазиновтың отбасына көңіл айтатындығын жариялады.
Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 23, 2019
Естеріңізге салсақ, 23 шілдеде Ақмола облысында киіктерді атқан браконьерлер екі инспекторға шабуыл жасап, біреуі жазым болып, екіншісі жараланған.
Қайтыс болған Қаныш Нұртазиновтың артында төрт баласы қалды.
Аталған фактке қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 тармағы бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.