Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру теориясының негізін қалаушы АЭФ платформасында сөз сөйлейді

16

17 мамырда Астана мемлекеттік қызмет хабы БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы және Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қолдауымен Астана экономикалық форумы аясында “Марапат пен құрмет: 21 ғасырда мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру ” атты панельдік сессиясын өткізеді.

Сессияның басты спикері мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру теориясының негізін қалаушылардың бірі және “Public Service Motivation” (мемлекеттік қызметтегі мотивация) терминінің соавторы, мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару және менеджмент саласында халықаралық деңгейде танылған көшбасшысы – АҚШ-тың Блумингтон Индиана Университетінің аса құрметті профессоры Джеймс Л. Перри.

Сондай-ақ, панельдік сессияда 10-нан астам елдің, соның ішінде Грузия, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Черногория және т.б., уәкілетті органдарының басшылары мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу мен тиімділігін бағалау жүйелерін реформалау жөніндегі тәжірибесі және нақты мысалдарымен бөліседі.

Сессия жұмысына сарапшылар, зерттеушілер мен аймақтық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен университеттердің өкілдері қатысады.

Қазіргі уақытта Астана мемлекеттік қызмет хабына 41 ел қатысады, оның ішінде ЭЫДҰ, ТМД, Кавказ, Орталық Азия және АСЕАН елдері.

Өткізу орны: EXPO Конгресс центр, “5” Зал, Нью Йорк

Өткізу күні: 17 мамыр

Өткізу уақыты: 14.15-17.00