17-05-19 | 13:29
Ерлан Қарин: Қазақ тілі саяси коммуникацияның негізгі құралына айналуда.
Ерлан Қарин: Қазақ тілі саяси коммуникацияның негізгі құралына айналуда

Президент кеңесшісі, саясаттанушы Ерлан Қарин кезектен тыс президент сайлауы науқанының ерекшеліктерін және оған қатысты алуан түрлі пікір айтылып жатқанын өзінің фейсбук парақшасындағы жазады. Саясаттанушының ойынша, биылғы президент сайлауы ерекшеліктерінің бірі – қазақ тілінің саяси коммуникацияның негізгі құралына бастағандығы.

“Қазіргі сайлау науқанының ерекшелігі оның талқылануы, қоғамның қызығушылығы туралы түрлі пікірлер айтылып жатыр. Біреуі бұл сайлаудың ерекшелігі үміткерлердің саны көп десе, біреуі оппозиция өкілі қатысып жатқаның алға тартады, екіншісі ұлтшылдық риторикасын желеу еткен үміткерлердің қатысуын атауда, үшіншісі алғаш рет сайлауға әйел адамның түсуін негізге алса, басқалары әлеуметтік желілердің рөлі артып, үгіт-насихаттың көбіне сонда ауысқаның атап жатыр. Бірақ одан басқа жаңа бір тенденция бар.
2000-шы жылдардың басында «Жас Алашта» жарияланған бір мақаламда: “Қазақ тілі саясат саласында негізгі ақпарат жеткізуші рөліне ие болуы тиіс. Ендігі жерде қазақ тілін саяси тартыс, ғылыми айтыс, қоғамдық жəне саяси пікір талас ортасына шығару қажет”, – деген пікірді айтқан едім. Міне биылғы сайлау науқанының тағы бір басты ерекшілігі ол пікірталастардың қазақ тіліне ауысуында. Қазақ тілі саяси коммуникацияның негізгі құралына айналуда. Мысалы, президенттің алғашқы сұxбаты қазақ баспасөзінде жариялануы. Байқасаңыздар үміткерлердің электорат үшін таласы, электораттың сұранысы да – қазақ тілінде жүріп жатыр. Немесе президенттіке кейбір үміткерлердің әлеуметтік желідегі жазбаларының қазақша жазғандағы реакциясы мыңдаған пікір жинап жатыр. Оған қоса, осы науқанда қатарынан бірнеше үміткерлер Алаш қайраткерлерінің идеяларын өз сайлауалды бағдарламаларына қосып жатыр. Бұл да көп нәрсені аңғартады. Біздің кейбір сарапшыларымыз «осы сайлау науқаны пікірталассыз өтіп жатыр» деген сияқты жаңсақ тұжырым жасап жатқаны да осыдан болса керек, себебі қазақ тілді ортадағы аталған жаңа процесстерді байқамайды. Ал, қоғамымыздың саяси құрылымы бүгінде түбегейлі өзгеруде. Қоғамымыздың өзі өзгеруде. Қоғам әрі қарай жаңару мүмкіндіктерін іздеуде. Сол процесстердің ықпалымен қазақ тілі обьективті әрі табиғи түрде қоғамдық-саяси дискуссиялар тіліне айналуда. Биылғы науқанның мазмұндық тұрғыдан басты ерекшіліктерінің бірі де осыда
” деп жазады Е.Қарин.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.