Қызметінен кеткен Б. Байбек инстаграм арқылы Алматылықтармен қоштасты.

27 маусым, 2019 / Arasha.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарғысымен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткен.

Бауыржан Байбек қызметінен кетуіне байланысты әлеуметтік желіде пост жариялап, өзі әкім болған кезде Алматының  көшелері қалай жасыл желекке оранғанын көрсеткісі келіп, суреттер жариялады.

«Қаламыз одан әрі өсіп-өркендей берсін. Жайнай бер, жасай бер Алматы!» -деп жазып, өзі әкім болып тұрған кезінде жасалған жұмыстардың суретін жариялапты.

View this post on Instagram

Қаламыз одан әрі өсіп-өркендей берсін. Жайнай бер, жасай бер Алматы! ⠀ Пусть наш город будет еще краше и зеленее.

A post shared by Бауыржан Байбек (@baibekbk) on