Марғұлан Сейсембай: Мәселе кімнің қалай сайланғанында емес, дауыстарды кім қалай санайтынында

692

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай фейсбук парақшасында сайлауға қатысты арнайы жазба жариялады. Онда кәсіпкер көпшілікті сайлауға бақылаушы болуға, дауыстардың саналуын қадағалап, сайлауда белсенді болуға шақырады.

“Достар, кеше мен сайлау науқанына қатысты бiздiң таңдауларымызды жаздым. Бүгiн мына постыммен әңгiменi әрi қарай жалғастырғым келедi. 

Ал сiздер таңдау жасадыңдар дейiк. Ол жеткiлiктi ме? ЖОҚ.

Ең басты мәселе, ол кiмнiң қалай сайлағанында емес- кiмнiң қалай санағаны!

Сiздер дауыстарыңызды Тоқаевқа берсеңiздер де, Қосановқа берсеңiздер де ия бойкоттасаңыздар да, заңдылық жағынан да – дауысты беру үдерiсi мен дауыстарды санау – ең маңызды сәт!

Сондықтан ағайын, сiздiң ел алдындағы және келешек ұрпақтардың алдындағы борышыңыз ол сайлаудың әдiлдiгiн қорғау! Мен сайлауға бардым, дауысымды бердiм деген нәрсе болмайды. Дауыс беру мен дауыс санау үдерiстерiн салыстыратын болсақ – дауыс бергеннен бақылау және дауыс санау әлдеқайда маңызды. Демократияны қорғау алаңда емес, ол сайлау учаскесiнде болады.

Не iстеу керек?

Ол үшiн осы екi нәрсенiң бiреуiн iстеу керек. Бiрiншiден, баршамызға әр учаскiде неғұрлым көп бақылаушылар болса соғұрлым жақсы. Ол үшiн кез келген үмiткердiң штабынан немесе тәуелсiз бақылаушы ретiнде тiркелiңдер.Коммиссия мүшелерi қол қойып санақ протоколды жапқанша дауыс беру үдерiсi мен дауыс санау сатын бақылап телефондарыңа түсiрiңдер.. 

Егер сiз бақылаушы болмасаңыз, онда дауыс берген соң бiрден үйге кетпей сол учаскеде бақылаушы болып, өтiп жатқан сайлауды телефонға түсiрiңдер.

Достар,

бiзге, қоғамға, сайлаудың бiр күнi келешек бес жылға тең. Сондықтан, кiмге дауыс берсеңiздер де, бойкоттасаңыздар да, бiр күндерiңiздi қиып сайлау барысын бақылау- елiмiздiң тағдырын шешумен бiрдей”, деп жазады М.Сейсембай.