Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты мәлімдеме жасады.
«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет», — деп жазды президент өзінің Тwitter парақшасында.