Атырауда оқушы қыз өзіне қол жұмсады.

16 қыркүйек, 2024 / Arasha.kz

Атырауда сегізінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға 10 қыркүйекте болған, қыз өз пәтерінде суицид жасаған.

Алдын ала болжам бойынша, оқушы қыз буллингтің кесірінен осындай қадамға барған.

«Қорытынды жасауға әлі ерте», — дейді марқұм оқыған мектеп басшылығы.

Полицейлер өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.