Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

3 наурыз, 2024 / Arasha.kz

Алматыда қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етуде. Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Сонымен қатар, тергеу-жедел топтар күшейтілді.

Алматыда азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сонымен қатар, полиция азаматтарды ақпараттық мәдениеттілікке шақырады және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сенуді ұсынады.