20-05-19 | 19:00
Әкежен Қажыгелдин мен Бергей Рысқалиев Парижде кімдермен конференция өткізіп жатыр? (видео).
Әкежен Қажыгелдин мен Бергей Рысқалиев Парижде кімдермен конференция өткізіп жатыр? (видео)

Парижде Бергей Рысқалиев пен Әкежан Қажыгелдин Қазақстаннан барған бір топ азаматпен кездесіп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі.

Танымал журналист Сәуле Әбділдаханқызы фейсбук парақшасында кездесуді тікелей эфирден таратып отырды. Видеоға қарағанда, конференцияға ЖСДП партиясының төрағасы Ермұрат Бапи, белгілі заңгер Абзал Құспан, белгілі тележурналист Мади Манатбек, ақын Ұларбек Дәлейұлы және тағы басқа бір топ азаматтың қатысып отырғанын көруге болады.

Жиында Әкежан Қажыгелдин Қазақстанда кезектен тыс өтетін сайлаудың мән-жайын сөз етті.

«Біз шетте жүрген Бергей екеуіміз партия құрып немесе сайлауға қатыса алмаймыз. Оны істеу тек сіздердің қолдарыңыздан келеді. Біз тек кеңес беріп, тәжірибемізбен бөлісе аламыз. Бағдарлама жасауға көмектесіп, демеушілер іздеп осы жақтан қолдау білдіре аламыз. Партия құрып жатсаңыздар барлық халықаралық ұйымдарға таныстырамыз»,-деді сөзінде Әкежан қажыгелдин.

Еске салсақ, Әкежан Қажыгелдин 1999 жылдан бері шетелде тұрады. Қазақстанның Жоғарғы соты 2001 жылы саясаткерді “қызмет өкілетін асыра пайдаланды және пара алды” деген айыптау бойынша сырттай 10 жылға соттаған. Ал Бергей Рысқалиев 2013 жылдың 31 желтоқсанынан бері іздеуде әрі сырттай сотталған. Оған мемлекеттің қаражатын талан-таражға салды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бюджеттің 71 млрд теңгесін қалтаға басты деген айып тағылған.

Париж. Конференция.

Опубликовано Сәуле Әбілдаханқызы Понедельник, 20 мая 2019 г.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.