Алматыда ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған бейбіт шеру өте ме?

123
Алматы қаласының әкімі Б.Байбек ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштің ашылуында сөйлеп тұрған сәті, фото: qamshy.kz
Алматы қаласының әкімі Б.Байбек ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштің ашылуында сөйлеп тұрған сәті, фото: qamshy.kz

Алматыда 31 мамырда ашаршылық және саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналған бейбіт шеру өткізу мәселесіне қатысты қоғамдық негізде әкімшілікпен келіссөздер жүріп жатыр. Бұл турал cаясаттанушылар Айдос Сарым мен Досым Сәтпаев ашаршылыққа құрбандарын еске алу шараларына қатысты arasha.kz білдірген пікірлерінде айтты.

Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым arasha.kz берген пікірінде: “Қазір Алматыда бір топ азаматтар 31 күні ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай шеру өткізу бойынша әкімдікпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ойымыз Желтоқсан ескерткішінен қаралы саябаққа дейін өтіп, ескерткішке гүл шоқтарын қою, сол жерде суреттерін алып тұру” деген еді.

фото: informburo.kz

Ал саясаттанушы Досым Сәтпаев: “Қазір Алматы қаласында да ашаршылық құрбандарын еске алу шеруін өткізу мәселесі қаралып жатыр” деп пікір айтқан еді.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған бейбіт шеру өткізу жөніндегі “Ақ жол” партиясының өтінішін қанағаттандырмай, шеруге рұқсат етпеген еді.