Ерлан Саиров: Елді өзгерту үшін, өзіміз өзгеруіміз керек

39

Белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров халықтың сайлауда белсенділік таныту керектігі жайлы және азаматтық белсенділікке қатысты ойын айта келіп “Елді өзгерту үшін, өзіміз өзгеруіміз керек”, деп жазады өзінің фейсбук парақшасында.

“Елімізді өзгерткіміз келеді.
Өте дұрыс ұмтылыс, игі бастама.
Бірақ, елді өзгерту үшін, өзіміз өзгеруіміз керек.
Бүкіл қоғам, әрқайсысымыз.
1. Жеке-жеке азаматтық саяси позиция қалыптасу керек.
2. Саяси процесске немқұрайлы көзқарастан ада болу керек.
3. Сайлау кезінде міндетті түрде сайлау урнасына жетіп, өзіңнің таңдауыңды жасау керек.
4. Сіз урнаға бюллетень лақтырмасаңыз, сол бюллетенді басқалар, сіздің атыңызды пайдаланып, лақтырады.
5. Сіздің болашағыңызды, сіз үшін басқалар пайдаланып, шешіп кетеді.
6. Әр-бір азаматтың ең жоғарғы Конституциямен бекіген мемлекетті басқару құқы, осы дауыс беру арқылы қамтамассыз етіледі. Осы есте болу керек.
7. Басқаның көзқарасымен келіспесеңіз де, сол көзқарасты сыйлауға үйрену дұрыс.
8. Сайлау кезінде, сайлау процессінің таза, әділ, адал өтіп жатқанына бақылау жасауды қолға алу өзекті.
9. Әр-бір азамат жергілікті сайлау участкесінде ерікті бақылаушы болуы өте дұрыс.
10. Адал сайлау деп айту жіткіліксіз. Оны орындау, билікке емес, сіз бен бізге байланысты.
Осы іс-шараларды іс- жүзіне асырмаса, жәй айқайлау ел тағдырына қырын қарау, далбаса айқай-шу.
Осы іс-шараның біріне де билік қой деп айтып, кедергі келтіре алмайды.
Яғни, өз тағдырың өз қолыңда…
Қарапайым, бірақ, өте маңызды қағидаттар
“, деп жазады Е.Саиров.