22-05-19 | 19:57
Әміржан Қосановтың сайлау штабы: Бұл жағдайдың бізге зияны тиюі мүмкін (видео).
Әміржан Қосановтың сайлау штабы: Бұл жағдайдың бізге зияны тиюі мүмкін (видео)

Президент сайлауына кандидат Әміржан Қосановтың сайлау штабының жетекшісі Дәурен Бабамұрат штабтың фейсбуктегі парақшасында арнайы мәлімдеме жасады.

“Сіздердің ерекше қолдауларыңызға раxмет айта отырып, бір мәнді ескерте кетуді жөн санадық. Агитациялық материалдардың дайындалуы заңмен қатаң реттелген. Бұл сұраққа біздің штабта заңгер жауап береді. Дәл сол уақытта әлеуметтік желілерде әртүрлі мемдер, плакаттар және басқа кандидаттардың ар-намысына тиетін де агитациялық материалдар жасалып, олар шынайы өмірде әр жерге жапыстырлып бастаған. Бұл жағдайдың бізге зияны тиуі әбден мүмкін, себебі заңға қайшы келетін тұстары бар. Дәл осындай жағдай рұқсат етілмеген шерулерге де қатысты. Қалыптасқан жағдайда заңсың болып табылатын әрекеттерді әлеуметтік желі беттерінен өшіруді, не өзгертуді сұрауымыз мүмкін. Бұл өтініштерге түсінушілікпен қарайсыздар деп сенеміз” деп хабарлай Қосановтың сайлау штабы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.