23-05-19 | 18:11
Назарбаев: Қос билікке жол берілмейді.
Назарбаев: Қос билікке жол берілмейді

“Мен еліміздің игілігі үшін қызмет ете беремін. Мемлекетімізде қос билікке жол берілмейтінін атап өткім келеді. Бәріміз халық сайлаған Президентке қолдау көрсетіп, жұмыс істейміз”, – деді қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, Елбасы, Қазақстанның тұңғыш президенті, “Нұр Отан” партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясы кандидатының республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездесуде.  Бұл туралы Елбасының баспасөз  қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, ол кезектен тыс президент сайлауына да тоқталған.

“Сайлауға 7 кандидат түсті. Бұл – елімізде саяси бәсекенің бар екенін айғақтайды. Кандидаттар түрлі қоғамдық топтар мен бірлестіктердің мүддесін білдіреді. Әр кандидат елімізді және қоғамды дамытуға арналған өз бағдарламасын ұсынды” деді Н.Назарбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.