Назарбаев: Қазақстанда жұмыссыздық жоқ

345

“Қазақстанда жұмыссыздық жоқ, бірақ маман тапшылығы бар. Сондықтанда алғашқы мамандықты тегін оқытатын бағдарлама жасалды. Біз жастарға бар жағдайды және мүмкіндікті жасадық,- деді Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясы кандидатының республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездесуде. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, ол жастардың сайлау штабына көптеп тартылғанын жақсы бағалап, елдің болашағы білімді жастардың қолында екенін айтқан.

“Болашағымыз білімді азаматтардың қолында. Білікті кадрлар дайындай алған мемлекеттердің ғана келешегі жарқын болады. Штабқа танымал тұлғалардың – жастар өкілдерінің енгеніне қуаныштымын. Олардың сайлау науқанына қатысуы өте маңызды.  Жастар Қазақстан халқының елеулі бөлігін – 4 миллионнан астам адамды құрайды. Солардың бәрі Тәуелсіздік жылдары өсіп-жетілді. Жастарымызға зор үміт артамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.