«Астана Су Арнасы» қызметкерлерінің өліміне қатысты тергеу амалдары басталды.
«Астана Су Арнасы» қызметкерлерінің өліміне қатысты тергеу амалдары басталды

Елорданың Полиция департаментінің өкілдері «Астана Су Арнасы» мекемесінің төрт қызметкерінің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 мамыр күні сағат 16.24 кезінде Бауыржан Момышұлы даңғылындағы «Кәріздік-сорғылық стансая» аумағында жұмыс жүргізу барысында 4 қызметкер биогазбен уланып қалған. Аталмыш факт бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалып, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деп хабарлайды Полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында 4 адамның метан газынан уланып көз жұмғаны туралы кеше хабарланған болатын. Оқиға астанадағы Оқушылар сарайының маңындағы құдықтардың бірінде болған. Уланғандардың барлығы көз жұмған.

Қала әкімі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, төртеуі де – «Астана су арнасы» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері.

«Өзімнің және әкімдіктің атынан марқұмдардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Әкімдік барлық қажетті көмекті көрсетеді. Тиісті қызметтерге егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп, қайғылы оқиғаның себептерін анықтауды тапсырдым», – деп жазды қала басшысы Facebook-тегі парақшасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.