Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Ақышевті өзінің көмекшісі етіп тағайындады.
«Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын»-деп елбасының шешімін Ақорда сайты жариялады.
Еске салсақ ақпан айында Д. Ақышев Қазақстан президенті кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Оған дейін 2015 жылдан бастап Ұлттық банктің төрағасы болды.