«Көкжайлау» жобасын шегеруді Тоқаев ұсынды ма, Байбек ұсынды ма?.

7 сәуір, 2019 / Arasha.kz

Бүгін Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында қала әкімі «Көкжайлау» демалыс аймағын салу жобасы шегерілгенін айтты. Бұл ақпарат әкімнің twitter-дегі парақшасында да жарияланды.

Алматының Қоғамдық кеңесіндегі әріптестеріммен бірге талқылай келіп, «Көкжайлау» курортын салу жобасын пысықтауды және әзірше кейінге қалдыруды ұсындым.

— Бауыржан Байбек (@BauyrzhanBaibek) 8 апреля 2019 г.

Алайда, Бауыржан Байбек жария көрген сөзінде «Көкжайлау» демалыс аймағы жобасын шегеру президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен жасалғаны айтылмаған. Бірақ президент Қ.Тоқаев өз twitter-де «Көкжайлау» демалыс аймағы жобасы Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің ұсынысымен шегергенін жазды.

Алматы қ. əкімі Б.Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды.

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 8 апреля 2019 г.