24-05-19 | 21:12
Назарбаевқа мәңгілік құрметті төраға дәрежесі берілді.
Назарбаевқа мәңгілік құрметті төраға дәрежесі берілді

Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі кеңесі мемлекеттері басшыларының шешімімен Нұрсұлтан Назарбаевқа түркітілдес мемлекеттердің ықпалдастық кеңесінің мәңгілік құрметті төрағасы дәрежесі берілді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаевқа мұндай құрметті дәрежені беру Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуының елбасымен кездесуі кезінде айтылған.

Н.Назарбаев биыл 19-наурызда президенттік өкілеттілігін тоқтатқан. Бірақ Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы ретінде елдің ішкі-сыртқы істеріне белсене араласып келеді. Сондай-ақ ол қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.