Ресей әскері Қарабаққа кірді.

9 қараша, 2020 / Arasha.kz

Ресейдің бітімгерлік әскерінің алғашқы легі Қарабаққа аттанды. Ресей Қарабаққа орталық штабы Степанакертта орналасатын бітімгерлік күшін —  1960 әскери, 90 бронетранспортер, 380 көлік және арнайы техника жіберді.

Әзербайжан президенті Қарабақта Ресей мен Түркияның бітімгерлік күштері орналасатынын мәлімдеген еді.

Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы үш жақты — Ресей, Әзербайжан, Армения — келісімге келді.