27-05-19 | 16:08
Қазақстан Қытай газ экспортын жылына 10 млрд м³-қа көбейтеді.
Қазақстан Қытай газ экспортын жылына 10 млрд м³-қа көбейтеді

2018 жылы Қытайға экспортталған қазақстандық газ көлемі 4,5 млрд м³ -қа артты, делінген «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ҰК» АҚ жылдық есебінде.
«2018 жылы газ тасымалдау көлемі 10,7 млрд м³-қа (+11%) ұлғайды. Мұндай ұлғаю негізінен орта азиялық газ транзитінің және газды экспортқа тасымалдауды арттыру есебінен жүзеге асырылды. 2017 жылғы қазан айынан бастап қазақстандық газ Азиядағы ең перспективті және ауқымды өткізу нарығы болып табылатын Қытайға экспорттала бастады. Соның нәтижесінде Қытайға экспортталан (Теңіз, Қашаған және CNPC-Ақтөбемұнайгаз кен орындарынан) газ көлемі 4,5 млрд м³ -қа артты», – делінген құжатта.
2018 жылғы ҚТГ мен PetroChina International Alashankou Company Limited арасында табиғи газды сатып алу-сату келісімшарты жасалды. Оған сәкес Қытайға қазақстандық газдың экспорты жылына 10 млрд м³-қа ұлғайтылатын болады.
«Ақтөбе облысындағы Қожасай кен орнында газ өңдеу қуаттылығы жылына 300 млн м³-қа дейінгі көрсеткішті құрайтын «Gas Processing Company» ЖШС-ның газды кешенді дайындау қондырғысы іске қосылды. Аталған жоба экспорттық жеткізілімдерге арналған тауарлық газдың ресурстық қорын ұлғайтуға бағытталған», – деді ұлттық компаниядан.
Хабарда атап өтілгенде, жерасты газ сақтау қоймалары (ЖГСҚ) еліміздің газ тасымалдау жүйесінің ажырамас әрі маңызды бөлігі болып табылады. ЖГСҚ газға деген сұраныстың әркелкілігін реттеп, жеткізілімдердің сенімділігі мен үздіксіздігіне кепіл болады.
«2018 жылы ЖГСҚ-қа газ айдау көлемі 2017 жылғы деңгейден 432 млн м³-қа (-32%) төмен болды. Бұл Бозой ЖГСҚ-дағы 1,75 млрд м³ көлеміндегі газ қорына байланысты. 2018 жылдың соңында газдың жалпы белсенді сақтау көлемі 1,8 млрд м³-ты құрады», – деді ҚМГ-ден.
ҚТГ Қазақстандағы жалпы ұзындығы 19 140 км асатын, жылдық өткізу қуаты 224 млрд м³ және 47 000 км артық газ үлестіру желісі бар ірі магистралдық газ құбырлары желісін пайдаланады. ҚТГ Қазақстанда жалпы белсенді сақтау көлемі 4,6 млрд м³-ты құрайтын 3 ірі жер асты қоймаларын басқарады. 2018 жылы газды магистралдық тасымалдау 37 компрессорлық станциямен және 348 газ айдайтын агрегатпен қамтамасыз етілді.

Дереккөз: ҚазТАГ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.