Президент Қ.Тоқаев Ресей президенті В.Путинді, Белоруссия президенті А.Лукашенконы және Қырғыз президенті С.Жээнбековті «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Н.Назарбаев атындағы орден үш елдің басшысына еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлестері үшін берілген.