Енді астаналықтар Сарыарқа даңғылының шығыс жағындағы скверде 300 адамға дейінгі жиындарды өткізе алады.
Астанада мына орындарда бейбіт жиындарды өткізуге болады:
— Ш. Құдайбердіұлы мен Пушкин көшелері қиылысындағы скверде (1000 адамға дейін);
— цирк жанындағы «Астана» алаңында (1000 адамға дейін);
— «Жерұйық» саябағының солтүстік-шығыс жағындағы 28 панфиловшылар ескерткішінде (200 адамға дейін);
— жазушылар аллеясынан Ш. Құдайбердіұлы мен Пушкин көшелері қиылысындағы скверге дейін (1000 адамға дейін);
— Сарыарқа даңғылындағы скверде (300 адамға дейін).